Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3366 0 пікір 27 Шілде, 2018 сағат 14:33

Алматының кейбір көшелерінде біржақты көлік қозғалысы болады

Шаһардың орталық көше­лерінің біршамасында көлік қозғалысы біржақты болады. Үстіміздегі жылдың тамыз айының 5-іне дейін олардың саны тағы да артпақ.

Айкерім РАЙЫСҚЫЗЫ

Бүгінде біржақты қозғалыс Жамбыл, Мақатаев, Мұратбаев, Қарасай батыр, Қабанбай батыр және Бөгенбай батыр көшелерінде жүзеге асып отыр. Үсті­міздегі аптаның соңына дейін олардың қата­рына Гоголь мен Шәріпов көшелері қосылатын болады.

Біржақты көлік қозғалысы Мақатаев көшесімен Қалдаяқовтан Мұқанов көшесіне дейін батыс бағытта, Гоголь көшесімен Әуезовтен Қалдаяқовқа дейін шығыс бағытта болады. Ал Бөген­бай батыр көшесімен батыс бағытта Масаншыдан Розыбақиевқа дейін, Жамбыл көшесімен шығыс бағытта Розыбақиевтан Масаншы көшесіне дейін жүреді. Қарасай батыр көшесімен батыс бағытта Масаншыдан Розыба­киевқа дейін, Жамбыл көшесімен шығыс бағытта Розыбақиевтан Масаншыға дейін болса, Мұратбаев көшесімен Райымбек даңғылынан Шевченко көше­сіне дейін оңтүстік бағытта, Шәріпов көшесімен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін солтүстік бағытта орын алады.

Аталған бағыттардың біржақты қозғалыста болуы қақтығыстарды 50 пайызға төмендетіп, қаланың магис­тральды көшелеріндегі көлік кептелісін азайтады деп күтілуде. Соған сай көлік­тердің орташа жылдамдығы  12 шақ./сағ. болып, аймақты жүріп өту уақыты орта есеппен 17 пайызға қысқаратын болады.

Сондай-ақ, Гоголь, Мақатаев, Қабан­­бай батыр көшелерінде қоғамдық көліктерге арнайы жолақ сызылып, олардың кедергісіз жүруіне жағдай жасалады. Жол қозғалысының жаңа сызбасы келесі айдың 5-інен бастап енгізіледі. Естеріңізге сала кетейік, біржақты көлік қозғалысы былтыр Шевченко мен Құрманғазы көшелеріне енгізілген болатын.

Мұндай өзгерістер әлемдегі ірі қалалардың көпшілігінде бар. Мәселен, Барселонада, Франкфуртте, Миланда, Женева мен Прага қалаларының орта­лық аймақтарында біржақты қозғалатын көшелер желісі қалыптасқан. Аталған шаһарлардағы көлік қозғалысының жылдамдығы да төмен. Осы ретте АҚШ-та жасалған зерттеу нәтижесі көлік­тердің біржақты қозғалысы көлік қозға­лысын 10—30 пайызға арттыратынын және көлік жылдамдығын орташа дең­гейге көтеретінін көрсеткенін айта кетейік. Соған сай жолдардағы көлік кептелесі азайып, жол жүру уақыты 20—60 пайызға азаяды екен.

қалалықтар қаперіне!

Бағытыңызды белгілеп алыңыз

BRT желісі бойынша Тимирязев көшесінде қайта құру жұмыстарының жүруіне байланысты 2018 жылғы 28 шілде мен 15 қыркүйек аралығында Байтұрсынов көшесінен Розыбақиев көшесіне дейін автокөлік қозғалысы қиындайтынын хабарлаймыз. Бағыттарыңызды алдын-ала белгілеп алуларыңызды сұраймыз.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320