Аты аталмай ұмытылып бара жатқан ақын
Аты аталмай, ұмыт болып бара жатқан ақынның бірі Қосжан Мүсірепов. Ол аз ғана уақыт өмір сүрсе де, әдебиетке беріле еңбек етті.
Балаларға арнап жазған шығармалары да арнайы зерттеп, насихаттауды қажет етеді. Қаламгер новелла жанрының дамуына да сүбелі үлес қосты.
Төменде Арыс ауданында туған арыс ақынның бір өлеңін жариялап отырмын. Ақынның есімі жаңғыра берсін!
Өтпейді өмір думанмен,
Қарбалас қанша жұмыс бар.
Атадан бірге туғанмен,
Ажырап қалар туыстар.
Алады күнде мазаны,
Бітпейді тіпті бұл тірлік.
Достар да құшақ жазады,
Бір бақта өскен құлпырып.
Тосады уақыт жүз ісін,
Күн батса жатар, күн шығып...
Арманмен жүрген біз үшін,
Алдамшы емес тіршілік!
Олжас Қасымның Facebook-тегі парақшасынан
Abai.kz