Жақсыбай САМРАТ. Ақ сұлыны жеп аман қалған
Мағжан “ұлтшыл” делініп қу¬далана бастағанда оның туған-туыс¬тарына да зауал келгені мә¬лім. Оларды да істеген қызметте¬рі¬нен, отырған орындарынан қу¬да¬лау басталады. 1900 жылы туған інісі Мұхамеджан да атамекенінен Омбы облысының Шарбақкөл ауданындағы нағашыларына ауа көшпекші болады. Нағашылары қарауылдың жауар атасынан та¬рай¬ды екен. Дәл сол кезде қудала¬нып жүрген Мағжан да елде бо¬лып, інісінің көшпек ниетін құп¬тайды. Бірақ оны өз қолымен кө¬шіріп апаруға есіл ақынның мүм¬кін¬шілігі болмай, оны нағашыла¬рына тапсырып, ұзақ өлең жазып жі¬береді. Оның Мұхамеджанға қа¬тысты жерлері төмендегідей:
Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа,
Дәм жазбады бара алмадым ол жаққа.
Көрмесем де көп кішілік сәлемім-
Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.
…………………………………………………….
Жиеніңіз қажы Жұмабай әкем де,
Одан туған Нұрмағамбет, Бекен де.
Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз-
Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?
Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз,
Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.
Дәм жазбады, бара алмадым бұл жолы,
Сәлемімді қабыл көріп алыңыз.
Сәлемнен соң, нағашы жұрт ағамыз,
Кіші болса, көзі ашық данамыз.
Баршаңызға тапсырғаным менің де,
Қолыңызда Мұхамеджан балаңыз.
Есі бар ед байқағандай парықты,
Оңды-солды, қараңғыны, жарықты.
Күн туған соң етігімен су кешіп,
Мағжан “ұлтшыл” делініп қу¬далана бастағанда оның туған-туыс¬тарына да зауал келгені мә¬лім. Оларды да істеген қызметте¬рі¬нен, отырған орындарынан қу¬да¬лау басталады. 1900 жылы туған інісі Мұхамеджан да атамекенінен Омбы облысының Шарбақкөл ауданындағы нағашыларына ауа көшпекші болады. Нағашылары қарауылдың жауар атасынан та¬рай¬ды екен. Дәл сол кезде қудала¬нып жүрген Мағжан да елде бо¬лып, інісінің көшпек ниетін құп¬тайды. Бірақ оны өз қолымен кө¬шіріп апаруға есіл ақынның мүм¬кін¬шілігі болмай, оны нағашыла¬рына тапсырып, ұзақ өлең жазып жі¬береді. Оның Мұхамеджанға қа¬тысты жерлері төмендегідей:
Бір себеппен келіп қалдым бұл жаққа,
Дәм жазбады бара алмадым ол жаққа.
Көрмесем де көп кішілік сәлемім-
Нағашымыз Махаң менен Қожаққа.
…………………………………………………….
Жиеніңіз қажы Жұмабай әкем де,
Одан туған Нұрмағамбет, Бекен де.
Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз-
Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?
Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз,
Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.
Дәм жазбады, бара алмадым бұл жолы,
Сәлемімді қабыл көріп алыңыз.
Сәлемнен соң, нағашы жұрт ағамыз,
Кіші болса, көзі ашық данамыз.
Баршаңызға тапсырғаным менің де,
Қолыңызда Мұхамеджан балаңыз.
Есі бар ед байқағандай парықты,
Оңды-солды, қараңғыны, жарықты.
Күн туған соң етігімен су кешіп,
Ел-жұртым деп сіздерді іздеп,барыпты.
Барып сізді асқар пана қылыпты,
Панаңызда бала тұрмыс құрыпты.
Өз балаңыз, ақылыңызды айтыңыз,
Албырт еді, ерке бала қылықты.
Мағжанның ел ішіндегі беделі керемет болған. Оның бір ауыз сөзін жерге тастамай, нағашы жұр¬ты Мұхамеджанды хан кө¬теріп, жақсы қарсы алады. Алайда қазақтың “шаш ал десе бас алған” шолақ белсенділері сол жаққа да жетіп, Мұхамеджанды “халық жа¬уы¬ның құйыршығы” деп көрсетіп, Мағжан атылған соң, 1938 жылғы наурыз айында ұстап береді.
Мағжанның әкесі Бекеннен жеті ұл, екі қыз тарағанын білеміз. Ұлдардың ішіндегі ең үлкені Әбә¬мүслім, одан кейін Қаһарман, Мағжан, Мұхамеджан, Сәлімжан, Қалымжан, Сабыржан, қыздары Күләндам мен Гүлбарам ғой. Осы туыстарының ішінде Мағжанға ең жақыны өзінен кейін туып, тете¬лес өскен Мұхамеджан болған сияқты. Өйткені, жоғарыда атал¬ған өлеңінде Мағаң ол туралы жү¬рек тебірентер жақындықпен жы¬лы сөйлегені көрініп тұр. Ал басқа туыстарына өлең арнапты дегенді естіген емеспіз. Оның үстіне Мағ¬жан Мұхамеджанның үлкен ұлы Сайдалыны да бауырына салған ғой. Бұл баланы Зылиха анамыз алғаш рет сотталып, Карелияда жүрген Мағжанға ала барғаны да бар. Бұл оның Мағжанға барған алғашқы сапарында болса керек, ол кезде Сайдалы 4-5 жаста екен. Жолай Мәскеуде қонған үйіндегі қожайындар Зылихаға ол жаққа баланы апармау керектігін айтады. Өйткені жол ауыр, жер батпақ, саз, үлкен адам зорға жүргенде баланы қалай алып жүрмексің деп жанашыр жандар білгірлікпен ақыл береді. Содан амалсыз, Зы¬лиха баланы сол үйге тастап ке¬теді. Жарты айдан артық жол жүріп келсе томпаңдаған сәби әлгі үйге үйреніп қалыпты. Ал үй иелері, орыс кісілері екен, баланы керемет мақтап, не деген ақылды, ұқыпты, бір айтқаныңды қағып алады, жарықты өшір, суды басып жүр десең қалт жібермейді, жы¬лаған да жоқ, тентек те болған жоқ, ғажап бала екен десіп, қатты таң қалады.
Содан елге жеткенше бала қат¬ты ауырады. Өзі де қуғындауда болып, тұрақты орын таба алмай жүрген Зылиха амалсыздан оны елдегі әке-шешесіне жеткізеді. Үй¬ге келген соң Сайдалы көп ұзамай қайтыс болыпты. Сонда, анасы¬ның айтуына қарағанда, оның ар¬қасы қап-қара болып кеткен екен. Білетіндер мұны көз тигеннен болатын дерт екенін айтыпты… Мәскеулік жазықсыз жандардың баланы мақтаймыз деп қатты сұқ¬тан¬ғаны, сөйтіп үлкен қайғы әкел¬ген көрінеді...
Мұхамеджанның өзі сауатты, еті тірі, есті азамат болған. Ағасы құсап алысқа шығып оқымаса да ауыл молдасынан сауатын ашып, одан әкесі Бекен болыс бала¬ларын оқытуға орыс мұғалімін жалдағанда содан жаңаша да оқы¬ған екен. Кеңес өкіметі келген жылдарда ол ауылды жерлердегі сауат ашу мектебіне мұғалім бо¬лады. Артынан, Қызылжардағы Совпартшколада” оқығаны бар. Бірақ өзі кейін: “Бекеннің жеті ұлының ішіндегі ең жуасы мен едім”, деп отырады екен жа¬рықтық…
Мұхамеджан айдауға түскен алғашқы айларда қатты қиналады. Қиын жұмысты көрмеген байдың бағлан баласы қақаған қыста жұқа киіммен Коми аймағындағы ағаш кесу жұмыстарында өлуге аз қала¬ды. Бірде қатты ауырып, сани¬тарлық бөлімге жеткізіледі. “Өл¬меген құлға өлі балық кездеседі”, демекші сондағы бір дәрігер мұның аты-жөнін, шыққан тегін білген соң жұрттың көзін ала беріп, бас салып құшақтап, көзіне жас алады. Сөйтсе… әлгі татар дәрігер Мағжанды біледі екен… Сөйтіп, алып ағасының шапағаты тар жерде де інісіне тиіпті.
Өкінішке қарай, Мұхаң арты¬нан сол дәрігерді аузынан таста¬май айтып отырғанымен, бізге әңгіме айтқан қызы Райхан апай оның есімін есіне түсіре алмады.
Дәрігердің шапағатымен Мұ¬хамеджан жеңілірек жұмысқа, яғни әскердің атын бағуға ауыс¬тырылады. Қазақ ат бағудың жө¬нін жақсы біледі емес пе, ол осы жерге жақсы сіңіп, кілең офи¬цер¬лердің жарау аттарын бағуға аға жылқышы болып “жоғарыла¬ты¬лады”. Сол жұмысты қашан түр¬медегі уақыты біткен 1948 жылға дейін атқарады. Елге келгенде қат¬ты қалжыраған емес, жақсы күтімде болған адам құсап келеді. Сонда таң қалғандарға Мұхаң: “Ақ сұлының арқасында аман қалдым ғой”, дейді екен. Сөйтсе… Мұхаң аттарға берген ақ сұлының біразын өзіне пісіріп, жеп алады екен…
Мұхамеджанның үш ұл, үш қы¬зы болған. Бірақ үш ұлы да ерте қайтып (ішінде Мағжанда болған Сайдалы да бар), үш қызы ғана аман ержетеді. Соның үлкені Дархана Ресейдің Омбы қала¬сында тұрған, бертін қайтыс бола¬ды, бала-шағасы бар. Екіншісі Гүл¬қаныс Алматы қаласында. Қа¬зіргі фамилиясы – Бекішева. Оның да бала-шағасы мол. Кіші қызы Райхананың да алты баласы бар. Әкесін 1938 жылы бұл қыр¬қынан шықпай тұрғанда алып кетіп, 1948 жазда, 10 жастан ас¬қанда алғаш рет елге келгенде бір-ақ көріпті. Әкеміздің мінезі сал¬мақты, бірақ кісіден қаймықпай сөйлейтін өжет еді, дейді ол. Мағжанның өлеңдерін дыбысын сыртқа шығармай, домбыраға қосып, ыңылдап айтып отырады екен. Бір жылы Хамза Абдуллин қонаққа келіп, “Батыр Баян” поэмасының толық мәтінін әкеліп беріпті. Сол қолына тиген күндері қатты күйзеліп, мұңға батып жүр¬ген екен, ағамыз. Әрине, ол кез¬дерде Мағжан әлі ақталмаған, есі¬мін де ешкім көп білмейді...
Айдаудан қайтқан жылы Шар¬бақкөл ауданынан Сасықкөлдегі еліне інісі Сәлімжан көшіріп әке¬ле жатқан жолда, Омбы облысы¬ның Есілкөл ауданындағы Қасқа¬ат ауылында тұратын қайын жұр¬тына түстенеді. Олар сол жердегі биліктің құлағын ұстаған, күйлі тұрмыстағы адамдар екен, Мұхаңа осында қал деп қолқа салады. Алыс айдаудан, түрлі қиындықтан келе жатқан адам жылы шырай¬ды, жақсы жерді қимай, сонда тұрып қалады. Содан ұзақ жылдар бойы пошташы болып істеп, 1982 жылы 82 жасында дүние салады.
Ақсақал ортаншы қызы Гүл¬қаныстың бір ұлын асырап алған екен. Ол ержеткен соң Тараз қа¬ласына тұрмысқа шыққан апасы¬ның жанына көшіп, осы биыл ғана қайтыс болады. Артында бала-шағасы қалған.
Бізге әңгіме айтқан кіші қызы Райхана қазір Қызылжар қаласын¬да тұрады. Жолдасы Әйтен Смайы¬лов Мағжан ауданындағы Дүй¬секе ауылында мектеп дирек¬торы болған, қазір зейнеттік де¬малыста.
Міне, Мағжанның бір інісінің тағдыры осындай.
Жақсыбай САМРАТ.
«Егемен Қазақстан» газеті 27 мамыр 2009 жыл