Елсерік. Күміс жүлдегер вагонда тұра бере ме?
Астана мен Алматы қалаларында өткен ақ олимпиададан саңлақ спортшыларымыз 32 алтын, 21 күміс, 17 қола иеленіп, ел мерейін өсірді. Аталған додада олжа салған оғыландарымыздың бірі Радик Жапаровтың (суретте) 10 жылдан бері Алматы қаласының бір қалтарысындағы вагонда тұрып жатқаны туралы жазғанбыз (қараңыз, www.abai.kz content/almas-manap-aziadanyn-k-mis-zh-ldegeri-vagonda-tyrady)
Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері Жапаровтың жағдайына алаңдаған www.abai.kz ақпараттық порталының оқырмандары туризм және спорт министрі Досмұхамбетовтың жеке блогына хат жазып, сауал жолдаған болатын. Министр қарық қылмаса да әйтеуір жауап берген болыпты. Министрдің жауабына қарағанда тұғырдан шаңғымен секіретін спортшымыздың жуық арада баспанаға қол жеткізуі мүмкін емес сияқты. Сонда дейміз-ау, күміс жүлдегеріміз «темір қораптың» ішінде тұра бере ме?
18 февраля 2011 г. №69468
Серік
Автору блога: Министр туризма и спорта РК
Категории: Социальное обеспечение
Құрметті министр мырза!

7-ші қысқы Азия ойындарының жүлдегері Радик Жапаровтың әлеуметтік жағдайы бізге мәлім болып отыр. Командалық есепте елді бірінші орынға жетелеген арысымыздың баспанасыз жүруі айтар ауызға ұят! Жанкүйер ретінде Радикке қарасуыңызды өтінемін. Егер министрлікте мүмкіндік болмаса, оның атына жеке есепшот ашып, соны үйлестіруге ықпал етіңіз. Жылу жинайық. Ерімізді жерге қаратпайық.
Сонымен бірге, Жапаровтың тек қана спортшы емес, өзі қатысатын спорт бойынша бағалы азаматтық пікірін ескеруіңіз сұралады.
Құрметпен, жанкүйер Елсерік
Ответы (1)
2 марта 2011 г.
Досмухамбетов Т.М.
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік-әлеуметтік қолдауы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» N 490-1 Заңының 30 және 30-1 баптарымен реттеледі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру мәселесін заңдастыратын заң жобасын өңдеу жұмыстарын жүргізуде.
«Абай-ақпарат»