Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3227 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 07:32

Өмірқұл Айниязов: «Айгөлекті» айтқанына біреулер мәз болып жүр

«Әннің де естісі бар, есері бар». Бүгінгі таңда эстрада әншілері тыңдарман қауымды есті әнімен сүйсіндіріп те, батыстың есер әндерімен «желпіндіріп» те жүр. Ал дәстүрлі әншілер ше? Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан салды айтпағанда, қазақ әнінің құдіретіне өзге елдің көңілін идірген кешегі Әміре Қашаубаевтың ізбасарлары қайда? Ата-баба қадірлеген дәстүрлі ән бүгін неге эстраданың көлеңкесінде жүр? Осындай ойдың жетегімен белгілі әнші, термеші Өмірқұл Айниязовпен «Сәрсенбілік сұхбатта» ой бөлістік.

- «Әу» дегеннің бәрі әнші емес дегендей, солардың көпшілігі Алматыға орнығып қалсам дейді. Ал сіз, керісінше, Талдықорғанға тартып кеттіңіз бір кезде. Неге?

- Облыс орталығы Талдықорған қаласына ауысатын кезде, бізге тиімді болған бір мәселе - кімнің барғысы келсе, соған пәтер кілті берілетін еді. Ол кезде табысымыз да мардымсыз болды. Өнерге барымды салдым, алайда жалдамалы пәтер, көшпелі тірлік әбден қажытты. Сол кездерде сананы билеген тұрмыстың қиындығына налып, кілтін қолыма алған Талдықорған қаласындағы пәтеріме бір-ақ түнде көшіп барған едім. Ол жақта сегіз жылдай тұрақтап қыз­мет етсем де, Алматыдағы іс-шараларға үздіксіз атсалыстым. Қазір мұнда біржолата көшіп келдім.

- Ендеше бүгінде сіздің тұрмыс жағдайыңыз түзелген ғой?..

«Әннің де естісі бар, есері бар». Бүгінгі таңда эстрада әншілері тыңдарман қауымды есті әнімен сүйсіндіріп те, батыстың есер әндерімен «желпіндіріп» те жүр. Ал дәстүрлі әншілер ше? Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан салды айтпағанда, қазақ әнінің құдіретіне өзге елдің көңілін идірген кешегі Әміре Қашаубаевтың ізбасарлары қайда? Ата-баба қадірлеген дәстүрлі ән бүгін неге эстраданың көлеңкесінде жүр? Осындай ойдың жетегімен белгілі әнші, термеші Өмірқұл Айниязовпен «Сәрсенбілік сұхбатта» ой бөлістік.

- «Әу» дегеннің бәрі әнші емес дегендей, солардың көпшілігі Алматыға орнығып қалсам дейді. Ал сіз, керісінше, Талдықорғанға тартып кеттіңіз бір кезде. Неге?

- Облыс орталығы Талдықорған қаласына ауысатын кезде, бізге тиімді болған бір мәселе - кімнің барғысы келсе, соған пәтер кілті берілетін еді. Ол кезде табысымыз да мардымсыз болды. Өнерге барымды салдым, алайда жалдамалы пәтер, көшпелі тірлік әбден қажытты. Сол кездерде сананы билеген тұрмыстың қиындығына налып, кілтін қолыма алған Талдықорған қаласындағы пәтеріме бір-ақ түнде көшіп барған едім. Ол жақта сегіз жылдай тұрақтап қыз­мет етсем де, Алматыдағы іс-шараларға үздіксіз атсалыстым. Қазір мұнда біржолата көшіп келдім.

- Ендеше бүгінде сіздің тұрмыс жағдайыңыз түзелген ғой?..

- Түзеліп кеткен ештеңе жоқ. Бірақ үкіметтің шығармашылығыма демеу жасап отырғанын жасыра алмаймын. Ал Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияға ризамын: костюмімді жаңалап, клиптерімді түсіріп берді.

- Еңбегіңіз де елеусіз емес сияқты, «Серпер» жастар сый­лығын, «Мәдениет қайраткері» деген атақ алыпсыз...

- «Серпер» сыйлығы дер кезінде бе­рілгеніне қуаныштымын, әрине. Ал «Мә­дениет қайраткері» атанамын деп ойла­маған едім. Бұл атақты менімен қатар­лар да, жастары кіші жігіттер де алып жатыр ғой. Дегенмен, бұл мен үшін күт­пе­ген марапат болды. Бұрын көбі­несе 40-тан, 50-ден асқанда берілетін. Қазір­гі таңда 30-дың ар жақ бер жағындағы өнерпаздарға да табысталуда. Мен солардың бірі ғанамын...

- Ал енді айтыңызшы, сол алған атақтары жастардың шығар­машылығына қаншалықты шабыт қосуда? Біреулері сол атақты дарынымен алса, енді біреулері «қарымымен» алады дегенді естиміз...

- Атағың болса, сахнаға шыққанда немесе қонаққа барғанда есімің ерекше мәнерге ие болады. «Бәлен сый­лықтың иегері» дейді сені. Демек атақты ешкім жек көрмесе керек. Ал енді оны кімдер алып жатыр дегеніңізге келсек, ыңғайсыздау әңгімелердің бары рас. Атын атамай-ақ қояйын, мәселен, бір жігіттерге салмағы бар, дардай атақты туған күндеріне тарту етті. Мұндай парықсыздыққа күлмеске лажың жоқ. Тағы біреудің «ағаларым атақ алып бергелі жатыр» дегенін де құлағым шалған. Түсінем, көкейіңізде сіз қалай алдыңыз, деген сауал тұр. Өз басым мектептегі төртінші сыныптан бастап өнер жолына түстім. Және сол ба­ғытымнан тайған кезім жоқ. Маған берсе, бойдағы дарынымды, атқарған шаруаларымды елеп-ескергендері шығар. Ешкімді «ағалап-жағалаған» емеспін. Сондықтан мені «қарымдылардың» қатарында жоқ десеңіз, қателеспейсіз.

- Шығармашылығыңызда не жаңалық бар?

- Алдағы сәуірдің 22-сінде Жамбыл атын­дағы филармонияда жеке концер­тімді өткізуді жоспарлап отырмын. Осы күнге дейінгі еңбегімнің нәтижесін көрсету мақсатында, халық алдына шығып, есеп берсем деймін. Бұл - әр әншінің арманы. Осы орайда концер­тімді өткізуге қаржылай көмек көрсетіп отырған Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовке, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония әкімшілігіне алғыс айтамын. Әндеріме келсем, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Ел үшін туған ер болсаң» әнін, халық әні «Япурайды» дайындап жатырмын. Сондай-ақ, Медеу Арынбаевпен дуэт жаздыруды қолға алдым. Медеу аға концертіме қатысуға келісімін берді.

- Осындай концерттен табыс табу мүмкін бе?

- Жоқ, мүмкін емес. Мәселен, мен концертіме 3 миллионнан артық қаржы жұмсасам, өзіме оның жартысы да түс­пейді. Сондықтан той-томалаққа жүгі­не­міз. Қазір әншілер үшін қаржының кө­зі - тойда.

- Иә, әнші мен биші тойда жүр. Бірақ осының өзі өнердің өрге басуына кері әсер ететін секіл­ді...

- Тойларда ән салып жүр деп, әнші­лерге кінә артуға болмайды. Өйткені әншілер гастрольдік сапарларда да бар шығындарын өздері көтереді. Поезбен баруға ешкімде артық уақыт жоқ, сондықтан ұшақпен жүруге тура келеді. Жатар орын, ондағы ас-ауқаттың бәрі қалтаға жүк. Сондықтан әншілердің тек сахнадан ғана өнер көрсетуі үшін мемлекеттің әл-ауқаты жақсаруы керек.

- Репертуарыңыздан дәстүрлі әндердің қатары кеміп, орнын эстрадалық әндер басып бара жатқан жоқ па?

- Дәстүрлі әндердің үлкен аудито­рияға шыға алмай жатқаны жасырын емес. Бұл әндер белгілі бір үлкен кон­церттердің ашылу сәттерінде немесе бір белгілі шараларда ғана айтылатын болды. Өз басым дәстүрлі әндерді эстрадалық бағытқа салып орындасам, тыңдарманның көбейетінін түсіндім. Дегенмен, дәстүрлі әндер бағаланбайды деп отыра бермей, қолынан келетін адамдар бұл салаға елеулі үлес қосып жатса, халық қошеметіне бөленеді, деп ойлаймын.

- Бір әріптесіңіз: «Дәстүрлі әнді 50 жастан кейін айтамын, қазір өз жасыма сай эстрада бағытын ұстанып жүрмін», - деген еді бір сұхбатында. Өкініштісі, бұл тек жалғыз оның ғана пікірі емес сияқты...

- Эстрада саласының тыңдарман­дары дәстүрлі музыкаға қарағанда әлдеқайда көп. Сондықтан осы бағыт ар­қылы жастардың санасына дәстүрлі әнді қалай да сіңіруіміз керек. Содан кейін жастар айтылған әннің түбірін, негізін іздеп, дәстүрлі әндерге өздері-ақ жол тартады. Мәселен, өз басым дәстүрлі әнді де, халық әнін де, эстрада бағытындағы әнді де айтамын. Яғни тыңдаушым 50 де 50. Бұл дегеніміз - жастар да, үлкендер де қалағанын менің репертуарымнан таба алады деген сөз.

Бір айта кетерлігі - бүгінгі таңда «өнер адамдары ауқатты тұрады, ел алдында ылғи жарқырап жүреді» деп түсінетіндер өнер жолына жөнсіз ұмтылуда. Нәти­же­сінде балаларын да сол саладан көру­ге күш салады. Ал мұндай әрекеттер өнер сапасының төмендеуіне әсер етуде.

- Қазір өнер саласында әуес­қойлар мен кәсібилер бір-бірінің еңбегін жоққа шығаратындай. Яғни, бірі «әуесқойлар қаптап кетті» деп қынжылса, екіншісі «кәсіби мамандар түк бітірмей жатқан соң, амалсыз өнерге араластық» дейді. Бұл пікірге не айтасыз?

- Жеңіл әндердің тез тарауы - ха­лықтың өнерді сол әуесқойлықпен қа­был­дауынан деп білем. Халық ондай же­ңіл әнді іліп әкеткен соң, әуесқойлар қан­дай дүниесіне де «менікі дұрыс» деп қарап, кәсібилерден өздерін артық санап жатады. Яғни жеңіл-желпі әуен де, ән де, әнші де өнер әлемін ластап жатыр. Кейбір әріптестер «Айгөлекті» айтатын деңгейіне мәз болып жүр.

- «Біз домбырамызды қанша насихаттасақ та, балаларымыз­дың еркін Майкл Джексон бұрып әкете береді», - депті бір ұстаз. Бұған қосып-аларыңыз бар ма?

- «Майклизациядан» қорқудың кере­гі жоқ. Тек ұлттық музыканың өңін өз­гертіп алмай, жаңа жанрға бейімдей беруіміз керек. Әлемде сән әлемін Ита­лия, музыка ырғағын Америка билеп отырғаны белгілі. Егер де біздің мем­лекетіміз бақуатты болса, білімі көш бас­тап тұрса, әлемдік музыканың басында Әміренің әндері жүрер ме еді, кім білсін? Бізде көбінесе «жастар шетелдік өнерге ынтық» деген ұғым қалыптасқан. Сондықтан телеарна басшылары өзге елдің өнерін дәріптеуге көшті. Біздің әндерімізді телеарналарда айналдыру үшін қомақты қаржы сұрайды. Ондай қаржы біздің өңіміз түгілі, түсімізге кір­ме­­ген. Дәстүрлі әндердің насиха­тының төмендігін осымен де түсіндіруге болады.

Би болмас белін жалпақ буғанменен,

Ағармас асылы арам жуғанменен.

Ойлансаң, ақыл басқа, ажар басқа,

Пайда жоқ құр әдемі туғанменен, -

деген Нұртуған жыраудың өнегесіне құлақ түріп, ел ертеңінің гүлденуіне «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» үлес қосқанымыз дұрыс...

Әңгімелескен - Ардақ Иманбекқызы,

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 08 (91)  02 наурыз 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371