Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3661 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 12:12

Бақтияр ТАЙЖАН. Қазақтың қалың тарихы — ұлттың мерейі

Кеңесті жүргізіп отырған Пре¬зидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, “Мәдени мұра” мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық ке¬ңес¬тің төрағасы Мәулен Әшімбаев алқалы жиынның беташарында оның мән-мақсатын былайша айқындап берді.
– Іргелі ұлттың рәмізі, ұлттық символы болады. Мәселен, Фран¬ция дегенде жұрттың көз алдына Эйфель мұнарасы, Рим дегенде Коли¬зей келеді. Қазақстанда да ауыз толтырып айтарлықтай мәде¬ни мұралар бар. Ол – әл-Фарабиге отан болған Отырар, киелі Түр¬кіс¬тан, даңқты Сарайшық. Осындай қасиетті ұлт құндылықтарының қа¬ді¬ріне жетуіміз, өзге елдерге на¬сихат¬тауымыз қажет. Елбасымыз¬дың тап¬сырмасымен “Мәдени мұра” бағдар¬ламасының бірінші кезеңі 2004-2006 жылдары жүзеге асты. Енді екінші кезеңнің мақ¬саты да айқындалып отыр. Бүгінгі отырыс Отырар, Түркістан ай¬мағында қандай жұмыстар атқа¬рылып  жатқандығын талқылауға арнала¬ды. Елбасы ұлттық сим¬волдармен қатар мәдени туризмді дамыту жөнінде де тапсырма берген. Со¬ның жай-жапсары талқыға түседі.
Күн тәртібіне қойылған үш мәселе жөнінде алғашқы сөзді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов алды.

Кеңесті жүргізіп отырған Пре¬зидент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, “Мәдени мұра” мемлекеттік  бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық ке¬ңес¬тің төрағасы Мәулен Әшімбаев алқалы жиынның беташарында оның мән-мақсатын былайша айқындап берді.
– Іргелі ұлттың рәмізі, ұлттық символы болады. Мәселен, Фран¬ция дегенде жұрттың көз алдына Эйфель мұнарасы, Рим дегенде Коли¬зей келеді. Қазақстанда да ауыз толтырып айтарлықтай мәде¬ни мұралар бар. Ол – әл-Фарабиге отан болған Отырар, киелі Түр¬кіс¬тан, даңқты Сарайшық. Осындай қасиетті ұлт құндылықтарының қа¬ді¬ріне жетуіміз, өзге елдерге на¬сихат¬тауымыз қажет. Елбасымыз¬дың тап¬сырмасымен “Мәдени мұра” бағдар¬ламасының бірінші кезеңі 2004-2006 жылдары жүзеге асты. Енді екінші кезеңнің мақ¬саты да айқындалып отыр. Бүгінгі отырыс Отырар, Түркістан ай¬мағында қандай жұмыстар атқа¬рылып  жатқандығын талқылауға арнала¬ды. Елбасы ұлттық сим¬волдармен қатар мәдени туризмді дамыту жөнінде де тапсырма берген. Со¬ның жай-жапсары талқыға түседі.
Күн тәртібіне қойылған үш мәселе жөнінде алғашқы сөзді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов алды.
– Облыста тарихи құндылы¬ғы жоғары 1011 нысан бар. Бірақ біз олардың тарихын зерттеуді кешеуілдетіп келеміз. Қаржы аз бөлінеді. Соның салдарынан 16 нысанға ғана толыққанды архео¬ло¬гиялық зерттеулер жүргізе ал¬дық, бұл өте мардымсыз, – деді облыс басшысы. – Қаржы аз бөлінгендіктен, қолда бар ақшаға жинақтар, фотоальбомдар шыға¬ру сияқты ұсақ-түйек жұмыстар атқарылып келеді. Тарихымыз¬дың жауһар қазынасы – көне Оты¬рарды қайта жаңғырту ісі де баяу жүруде. Сауран қалашығы ашық аспан астында қорған¬сыз¬дың күйін кешіп, жауын-ша¬шын¬нан бұзылып барады. Қазір құлашты кеңге сілтейтін заман емес. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанынан салмақ болған этно¬ауыл, үлкен кешеннен негізгі ке¬рек¬тілерін екшеп, қаржыны со¬ған салу керек. Осы маңдағы 15 отбасының үйін басқа жерге көшіруге де қомақты қаржы қа¬жет. Сонда мұражай аумағында мәдени мұра құндылықтарына 1-2 гектар жер босайды. Екіншіден, мәдени туризмді мейлінше насихаттап, саяхаттанушыларды тарту жолдарын ойластыру керек. Мәселен, Дубайда мұнай құбыр¬ларынан тысқары түсетін табыс¬тың 90 пайызын халықаралық туризмнен тауып отыр. Түркіс¬танға келіп-кету мәселесін оң¬тайландыру үшін бұрынғы шағын аэродромды қалпына келтірген жөн болар ма еді.
Сол сияқты қаланың инфра¬құ¬рылымы мен коммуникация¬лар мәселесін де ойластырып жа¬тыр¬мыз. Ойласу үшін ойға тамы¬зық. Ясауи кесенесіне зиярат етіп келген адамдардан айына 40-50 миллион теңге аралығында қар¬жы түседі екен. Бұл Мәдениет және ақпарат министрлігінің құ¬зырымен жұмсалатынға ұқсайды. Неге осы қаржының кем дегенде 25 пайызын мұражай маңын абаттан¬ды¬руға, керек нысандар құры¬лыс¬тарына жұмсай алмаймыз. Ясауиді көп жұрт діндар, сопы деп біледі. Ақындығын, үлкен философ екенін біле бермейді. Мүмкін өлеңдерін тасқа қашап жазып қойсақ, жас ұрпақ жақынырақ біліп жүрер еді.
Сөз соңында айтарым, қаржы бөлінісін қалай жүзеге асырамыз? Облыстың қолынан келетінін біз алайық, сонымен әрқайсымыз өз тарапымыздан тапсырмамызды орындайық. Сонда іс соңына жетіп, нақты нәтижесін береді.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев бүгінге дейін атқарылған жұмыстарды құ¬ла¬ғынан тізіп берді. Бес жыл ішінде Есімхан кесенесі, Әулие Құмшық ата жерасты мешіті, Шығыс мон¬ша¬сы сияқты жәдігерлер қалпына келтірілген. Отырарда да осындай іргелі жұмыстар жүріп жатыр. Қаз¬ба байлықтары мен консервациялау жұмыстарына қаржы тиісінше бөлініп келеді. Министрлік қолдап, көп болып жұмыс істеуге әрқашан дайын.
Одан кейін Ә.Марғұлан атын¬дағы Археология институтының ди¬ректоры Карл Байпақов сөз алып, археологиялық жұмыс¬тар¬дың барысы жайлы жан-жақты баяндап берді. Осы мақсаттарға қаржының аз қаралатындығын, сондықтан Отырар сияқты тарихи мәні зор қаланың 40 жылдан бері қазылып келе жатқандығын сөз етті. Карл Байпақовтың ұсынысы – мұражай басшылықтарына қар¬жылық еркіндік көбірек берілуі ке¬рек. Тапсырманың қалай орын¬далғандығы қабілет-қарымнан аңғарылатын болады.
“Қазқайтажаңғырту” кәсіпор¬ны¬ның директоры Қ.Тұяқбаев Сауран қаласына көбірек көңіл аудару қажеттігін айтты. Кәсіпорын тарапынан Созақтағы Бабаата, Сайрамдағы Қарашаш ана, Бәйді¬бек ауданындағы мешіт-медресені қалпына келтіру жұмыстары аяқ¬та¬лып келеді. Енді Әзірет Сұлтанның төрт қақпасы қолға алынып жатыр.
– Бізге уақыт керек, – деді “Қаз¬қайтажаңғырту” кәсіпорны¬ның директоры. – Асықтыр¬са¬ңыз¬дар іс шала бітеді. Кейін қайта ора¬лу¬ға тура келеді. Сондықтан уақыт¬тан қыспауларыңызды өтінер едім.
Осы тұста Мәулен Әшімбаев Ясауи кесенесі алдынан қазақ хандарына арналған пантеон қою мәселесін көтерді. Мәселен, Тәуке хан, Есім хан, Жәңгір хан және Абылай ханға арнап. Ұлттық патриотизмді насихаттауда алар орны ерекше болатындығы сөзсіз. Осының жайы қалай болады?
Спорт және туризм вице-ми¬нистрі Қайырбек Өскенбаев 2007-2011 жылдар аралығында мемлекет бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың жайын баян¬дады. Оның айтқанындай, күре жол бойына орналасқан нысандар Қазақстанның әлеуетін аңғарт¬пай¬ды. Сапасы төмен. Мәселен, Жам¬был облысы бойынша жолдағы 192 нысанның екеуі ғана, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 123 нысанның біреуі ғана талапқа сай. Ал Қызылорда облысындағы 85 нысанның бірде-бірі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді. Бұл – маңызды іс. Күні ертең Батыс Еу¬ро¬па – Батыс Қытай автомагис¬тралі¬нің құрылысы басталады. Қазақ жерінен өткенде көзге түсе¬тін нысандар мемлекетіміздің бе¬де¬лін асқақтататындай болғаны абзал.
Сәулетші Ғабит Садырбаев Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалашығы арасындағы қалашық жайын жеке-жеке талдағанымен, Мәу¬лен Әшімбаев қаржы жетімсіз¬дігінен кейбір нысандардың жобадан алынатындығын жеткізді.
Түркістан қаласының әкімі Бейбіт Сыздықов кесене жанынан Мемлекет басшысының келісімі¬мен түрік ағайындардың мешіт салу үшін қаржы бөлуге дайын екен¬ді¬гін, бірақ археологиялық сарапта¬ма¬ның кешеуілдеп жатқандығын айтты. Қаржы жоқ емес, бар. Құ¬ры¬лысты бастауға кедергі өзімізден болып отыр. Қазіргі уақыт жайбасарлықты көтер¬мейді.
Көшпелі кеңесте Отырар ауда¬нының әкімі Әлімжан Құр¬таев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Құмар Ақсақалов, Қызылорда облысы әкімінің орын¬басары Мұрат Мұхамедов сөз алып, түйінді мәселелерді көтерді.
Айтылған ойлардың көңіл қоя¬тын тұстары да бар. Қызыл¬ор¬¬да¬дағы Байқоңыр ғарыш айла¬ғында космос кораблі ұшыры¬лады. Жер қазақтікі болғанымен, жер үстін¬дегі қалашық зәузаты¬мен Ресей¬дікі. Бірақ, Қызылорда облысы¬ның әкімі мәдени ту¬ризм¬ді наси¬хаттау мақсатында келіссөздер жүргізген екен, ғарыш айлағы басшылығы қар¬сылық танытпап¬ты. Яғни, Қа¬зақстанның турис¬терді магнитше тартатын бір жері осы.
Отырысты қорытындылаған Президент Әкімшілігі Басшысы¬ның орынбасары Мәулен Әшім¬баев нақты ұсыныс-пі¬кірлердің ескерілетіндігін айтып, жиынға қа¬тысушыларға табыс тіледі. Қазақ тарихында қазақ ұялатын ештеңе жоқ. Елбасы бір сөзінде осылай деп пікір айтып еді. Жан-жағынан аш қасқырдай анталай төнген жау¬ларына жерінің жалынан ұстат¬паған ата-бабаларымыздың та¬рихы қандай құрметке де лайық.
Сауран – қазақтың ежелгі қаласы. Бұрынғы қалалардан қалған көзі тірі жәдігері. Әттең¬айы, көз алдымызда жауын-ша¬шыннан шөгіп барады. Консер¬вациялау ісі әлі кешеуілдеп келеді. Бір қуаныштысы, бүгінгі көшпелі отырыста Сауран жайлы толығырақ сөз болды. Қазақтың қалың шежіресі тарих қалтары¬сында қалмауы керек. Аманатқа адалдық жарасады.

 


Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы,  Түркістан қаласы.
«Егемен Қазақстан» газеті 9 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607