Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2787 0 пікір 7 Наурыз, 2011 сағат 21:51

Мұхтар Шерім. Мұрнымды тістеп алды...

Өз әйелін мақтады деп біртүрлі ойлап қалмаңыздар... әйелдер мерекесі болған соң, өлгеннің күнінен мақтайын деп отырмын. Әйтпесе, әйел деген «өсімдікті» мақтасаң болды, көз тиіп, солып қалады... Мақтаған сайын жылауық болып, «ананы әпер, мынаны әпер» деумен жаныңды рахаттандырады.

Біз ауыл қазағымыз. Былтыр жазда ғой деймін, жанымда жарты тоннадай болып жатқан жартым бір оянсам жоқ! Әйелі есектен құлап өлген жесір көршімнің үйіне кетті ме әлде деген дені дұрыс емес оймен, орнымнан тұрып, үй артындағы жоңышқа жаққа қарасам, әйелім шарбаққа байланған ешкіні жетектеп келе жатыр екен. Түн. Ай жарық... Қызық көріп, арық жағалап, артынан келдім де, жәй ғана: «Қатипа-аш, мен ғой, көршіңмін...» деп едім, құдая не боп кетті өзі, ешкісі де өзі де қорыққанынан қыр асып, көше кезе қашып,  сирағында спидометрі болса, жүз, жүз жиырмамен безіп барады. Түрсишең мен де қуалай жөнелдім. Қояншығы бар еді, аузынан көбігі ағып, бір жерде құлап қала ма деп зәрем кетті. «Бұл мен ғой, күйеуің Тыриған!» десем де

Өз әйелін мақтады деп біртүрлі ойлап қалмаңыздар... әйелдер мерекесі болған соң, өлгеннің күнінен мақтайын деп отырмын. Әйтпесе, әйел деген «өсімдікті» мақтасаң болды, көз тиіп, солып қалады... Мақтаған сайын жылауық болып, «ананы әпер, мынаны әпер» деумен жаныңды рахаттандырады.

Біз ауыл қазағымыз. Былтыр жазда ғой деймін, жанымда жарты тоннадай болып жатқан жартым бір оянсам жоқ! Әйелі есектен құлап өлген жесір көршімнің үйіне кетті ме әлде деген дені дұрыс емес оймен, орнымнан тұрып, үй артындағы жоңышқа жаққа қарасам, әйелім шарбаққа байланған ешкіні жетектеп келе жатыр екен. Түн. Ай жарық... Қызық көріп, арық жағалап, артынан келдім де, жәй ғана: «Қатипа-аш, мен ғой, көршіңмін...» деп едім, құдая не боп кетті өзі, ешкісі де өзі де қорыққанынан қыр асып, көше кезе қашып,  сирағында спидометрі болса, жүз, жүз жиырмамен безіп барады. Түрсишең мен де қуалай жөнелдім. Қояншығы бар еді, аузынан көбігі ағып, бір жерде құлап қала ма деп зәрем кетті. «Бұл мен ғой, күйеуің Тыриған!» десем де

«Ия саған, шайтансың!» - деп  бажылдап келеді. Әйелім қорықса мейлі, есі кеткен ешкіге не жоқ? Ешкіні де, әйелімді де «обгон» жасап, алдына МАЙ машинасы сияқты тұра қалып едім, Қатипашым қалшылдап: «А-анауың не?» деп сұрады. «Сегізінші наурыз. Халықаралық әйелдер, кемпірлер күнімен құттықтаймын, жаным!» деп жолай жұла кеткен жантақты ұсына беріп едім, Қатипашым тағы да: «А-анау не?» деп сұрады. Артыма қарасам, ешкі арқама жабысып  алыпты!  Бұтым «дымқыл»  болды ма, білмеймін,  ауылға қарай тұра қаштым. Қашып келе жатып, желке тұсыма қарасам, ешкі дегенім, тілі салақтаған кемпірге айналып кетті... Шайтан! Әйелім өзіміздің ешкіні емес, шайтанды жетектеп келеді екен ғой! «Қорықпа, Тыриған! Осылай аш-жалаңаш күйіңде, үкіметтің ауылға бөлінген, бірақ көрінбейтін  қаржысының рахатын да көрмей өліп кетесің бе? Біссіміллә, біссіміллә, ағуз билла имна шайтан иражим...» деп бар білгенімді айтып едім, арқамдағы кемпір  бұрымды сұлу қызға айналып, бетімнен бір сүйді де, сықылықтай күліп, жоқ болды.  Үйге келсем, әйелім адыраспан түтетіп жүр екен. Оның да аузы, менің де аузым қисайып кетіпті! Бүгінде сөйлесек, сөздеріміз қисайып, жантайып шығады...

Әйелім сондай ақкөңіл. Сұрасаң аузындағы тілін кесіп бере салады. Көрші болып, қаланың әйелдерінен тұз сұрасаң, бір шымшым береді ғой. Бір шымшым... Оны алып келе жатып төгіп аласың... Сондықтан әйелімді курортқа ертіп бармаймын... Тазалығы керемет енді. Ет турап жатып, пышақтың жан-жағындағы майын тілімен «сүлі-лө-лө-өп!»деп жалай салады. Ылғи ауызы ішінде жүретін тілінде қандай микроп болсын? Тілінің иегінде болмай, ауыз ішінде болғаны қандай жақсы болған десеңізші! Қаланың әйелдері сияқты бір сүрткен шүберегіне мың сүртпейді!

Әйелімнің арқасы бар. Арқа деген бәрімізде бар ғой, артымызда да қарын болмайтын шығар?  Бірде қалаға қыдырып келдік. Әлімізге қарамай, әйел­дердің қымба-ат киімдері самсап тұрған дүкенге кірдік. Әйелім кіргеннен бір жағалы дубленкаға елжірей, іші бауыры езіле қарап тұрды да, кенет «ой дубленкатайым!» деп дубленканы құшақтай жылады. Арқасы бар деп жатқаным сол ғой. Бір қарасам, өзім де жылап тұр екенмін... Сатушы қыз да көз жасын бір сығып алды. «Қайран, жоқшылық-ай!»деп дүкеннен көңіліміз босап шықты. Бар болса, «Сегізінші наурыз мерекеңмен, Қатипашым!»- деп бір дубленка әперсем, жараспайды ма не?

Күн көріс қамы болсын деп, екеуміз де тамада болғанымыз бар. Қаладағы таныс асабаларымыз бір той берді. Бір той бергені бір қой бергендей әсер етіп,  қуаныштан құлап қала жаздадық. Кешкісін тойханаға ертелеу келдік. Бізді танитын жігіт: «Ерлі -зайыпты асабаларыңыз осылар!» деп таныстырды.Той егесіне әйелім: «С-саламатсыз д-дар ма? Т-т-тойларыңыз қ-қ-құт...құт...» деп тұтығып тұрып қалды. Той иесі маған қарады. Мен әйеліме қарадым. «Ке-кешіріңіз, т-тойда сө-сөйлейтіндердің т-т-тізімін б-берсеңіздер» дедім мен де. Той егесі бізді таныстырған жігітке сұстана қарап: «мына кекештерді танисың ба?»-деп сұрады. «Жоқ...» деді анау. «Атаңның басына шақырдың ба? Өздері кекеш болса, тойды қалай басқарады бұлар?» «Асаба танысым жіберіп еді...» деп ақталды анау. Әйелі болса керек, бетін шымшыды. «А-ақшасын к-к-көбірек берсеңіздер, ж-жақсы б-басқарамыз...» деп күліп жіберді Қатипашым. Сосын кәдімгідей сөйлегенімізде барып, басын шайқаған той иесі келіскен ақша­мыз­дың үстіне тағы он мың теңге қосқаны бар.

Мен өзі сондай балажанмын. Құдай берсе де, бермесе де тартып аламыз. Он екі баламыз бар. Аралары жарты жылдан. Әйелім өзгеше жаратылған, жұрт тоғыз ай көтерсе, Қатипашым жеделдетіп, жеті айға жетпей туа береді...  Былтыр жазда әйелім ересек балаларымызды төменгі ауылда тұратын төркініне ертіп кетіп, тезек илеп жатты да, мен екі жасар және үш жасар балаларыма қарайтын болып, үйде қалдым. Бала күту дегенің-жау қолында қалғаныңмен бірдей екен.  Кіші балам бозарып кетті. Сөйтсем, бұтына «кә-кәй» етіп қойған екен. Қаладағы байлар сияқты күтуші жалдайтын  болсақ, ауылдағылар таң қалар еді-ау! Осылай ойлап, сумен жуайын десем, колонкада су жоқ. Былтыр елден ақша жинап, құбыр тартқан еді, мынаусы несі? Шелекте де тамшы су қалмапты. Амал жоқ, есік алдында есінеп жатқан Бөрібасар итімнің жанына келіп, баламның шалбарын шешіп, құйрығын қарата қойып едім, әдемілеп жалап-жұқтап, шалбарының ішіндегі қалған-құтқанын да қылғытып тастады жалмауыз десе.  Содан үйге кірсем,  үш жастағы балам ,ойпырмай, бүлдір­мейтін нәрсесі жоқ, шешесінің «квартирасында»  қалай жатқан десеңші, бірт тостақ айранды басына төңкеріп, шомыл-е-еп отыр. Баланы ұрып тәрбиелеуге болмайды. Бетін жуған айранды кімге жалаттырам енді? Мысықты күштеп  бетіне тоссам, мияулап қашады... Амал жоқ, обал болады деп өзім жалап, қалғанын сүртіп тастадым. Оны тазалап бола бергенім сол. Келесі бөлмеден кіші баламның шыңғырған даусы шықты. Жетіп келсем, желкесі қиылмағыр балам жиналған жүктің үстіне жабылған матаны тартып жіберіп, бәрін құлатып, өзі көміліп қалыпты. Көрпелердің арасынан баламды іздеп жүрсем,  құлағым қызып барады. Шым ете қалды. Қарасам, ана балам құлағымды қаңылтыр деді ме, жоқ әлде пісіріп  жейін деді ме, құлағымның дәл астына сіріңке жағе-еп тұр... Жанып кете жаздап, әйелім келіп, аман қалғаным бар ағайын...

Қай бір жылы ағайынымыздың баласы үйленіп, құдалығы мен той қатар өтіп, Қатипашым екеуміз тойдың гүлі болғанбыз.   Әйелім бидің түбін түсіреді екен. Билегенде бір қолы селтең етіп, келесі бір билеп жатқанның бетіне сарт  ете қалады. Екінші қолы селтең етіп, келесі бір билеп жатқанның басына сарт ете қалады. Тезек илеп жатқандай. Енді бірде киіз басып, оны тепкілеп жатқандай билейді. Бір кезде төрде отырған құданы биге шақырды. Ол байғұс билей-билей сілесі қатып, шаршап отырса керек, «отказ» берді. Сол екен ішіп алған әйелім сөмкесінен сыйлыққа алған ойыншық пистолетті шығарып, құдамыздың шекесіне тақап: «Өлім, әлде би?» деп масқара болды. Арашалай берген менің мұрнымды тістеп алды...

Жұрттың әйелінде жұмысым жоқ, менің әйелім осындай аңғал, алаңғасар біреу. Сонда да өзін өлердей жақсы көремін. Қорыққанымнан... Әйелдер мерекесі құтты болсын, ханымдар! Қатипашыма не сыйласам екен? О, электрлі сақал қырғыш сыйлайын, кейін өзіме керек!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400