Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Дидар-ғайып 4040 5 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 20:51

Белгілі журналист Шәріп Құрақбай өмірден озды

Cурет Азаттық радиосының сайтынан алынды

Бүгін, 14 тамыз күні белгілі журналист Шәріп Құрақбай өмірден озды,  - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Шәріп Құрақбай қазақ баспасөзінде өзіндік үні бар батыр журналистердің бірі болды. Азат ойлы, тек шындықты ту еткен арда азамат 62 жыл өмір сүрді.

Шәріп Құрақбай оппозициялық «Дат» газетінің алғашқы редакторы болып жүріп, еліміздегі тәуелсіз журналистиканың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. «Правда Казахстана» газетінде тілші, бас редактор болып қызмет еткен жылдары қоғамдағы күрделі саяси мәселелерді көтеріп, елімізде азаматтық қоғам құру ісіне аянбай тер төкті. Ағамыз соңғы жылдары «Жұлдыздар отбасы Аңыз адам» журналдарында қызмет істеген еді.

Марқұммен қоштасу 15 тамыз күні сағат 10-да Алматыда үйінде өтеді.

Abai.kz

5 пікір