Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
46 - сөз 7730 3 пікір 30 Тамыз, 2018 сағат 13:56

Біз әлі орыстан көргенімізді істеп жүр екенбіз

Кеше бір туыстың баласы үйленіп, қонаққа шақырды. Қалыңдық пен жігіті екеуін төрге отырғызып қойыпты. Көзіміз үйренген әдет қой. Бір жақсысы – тойлары ішімдіксіз өтті. Көзім қайта-қайта жоғарыға жайғасқан жас жұбайларға түсе берді. Біз әлі орыстан көргенімізді істеп жүр екенбіз. Қазақтың дәстүрінде қалыңдық пен жігіт бөлек отауға барып түседі. Оларды көпшіліктің көз алдына әкеп отырғызып қою - орыстан жұққан әдет. «Горько, горько!» деп, екеуін туған-туыстарының көзінше сүйістіріп қоятыны да, ішіп алғанда ұятты «ұра» салатын ұятсыздардың әдеті. Екеуі бір сағаттай қозғалмай отырды ғой деймін сол жерде. Жаным ашып кетті байқұстарға. Ақсақалдар, құрметті қонақтар мен әке-шешесі олардан төмен отыр. Төрде солар отыруы керек еді ғой негізі. Ал жас жұбайлар мен жастар бөлек отауда, өздерімен өздері оңаша қалатын. Қазақтың тойына да жаңа концепция керек секілді. Не болмаса, дәстүрді жаңғырту керек!

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963