Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
4978 0 пікір 31 Тамыз, 2018 сағат 11:00

Алматы әкімі қаланың жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын жеделдетуді тапсырды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын реконструкциялау қарқынын жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс сапары кезінде мегаполис басшысы Абай алаңын қайта жаңғырту мен Тимирязев көшесіндегі BRT желісін салып жатқан мердігерлік ұйымдардың жұмыс қарқынының төмендігі мен сапасыздығын атап көрсетті.

Жұмыс сапары барысында ол қаланың Құрылыс басқармасына он күн ішінде Республика Сарайының алдындағы Абай алаңына кеспе тастар төсеуде кеткен олқылықтарды қалыпна келтіруді тапсырды. Бұдан өзге, қаланың барлық құрылыс алаңдарында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тиісті бақылауды күшейту қажеттігін ескертті.

«Қазіргі кезде қаланың тек тарихи орталығын реконструкциялау үшін үш мыңға жуық жұмыс орны құрылды, барынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Әрине, уақыт барынша тығыз, дегенмен Республика Сарайы алдына төселгендей сапасыз жұмыстың қажеті жоқ. Барлығын қайта төсеңдер»- деді Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, бұрындары сапасыз жұмыстары үшін бірнеше мердігерлерге айыппұл салынған еді. Қала әкімдігінің комиссиясы көшелерді абаттандыру бойынша құрылыс жұмыстарының барысын тексеріп, мердігерлік ұйымдар атына қатаң ескертпелер жасаған болатын.

Қала даңғылдарын реконструкциялауға қатысқан мердігерлік ұйымдар басшылары мегаполис әкімімен көшпелі кеңес кезінде айдың аяғына дейін барлық жұмыстардың уақтылы әрі сапалы жүргізілетіні туралы уәде берген еді.

«Абай алаңында біз үш кезекпен, тіпті түнде де жұмыс жасадық. Қара жұмыстардың бәрін аяқтадық. Республика Сарайында түрлі шаралар жиі өтеді, сондықтан біз техниканы тез алып кетіп, орынды босатуға, барлық жерді тазартып, қоқысты шығаруға тырыстық. Асыққанымызды мойындаймын, соның салдарынан кеспе тастар тегіс төселмей қалды. Біз енді қала тұрғындарына кедергі келтірмей, кеспе тастарды дұрыстап қалап шығамыз. Жақын арада фонтандар іске қосылады, соның ішінде құрғақ субұрқақтар да. Анықталған барлық кемшіліктерді жойып, кепілдік аясында жұмыс жасаймыз», - деді «ТРИА ХОЛДИНГ» компаниясының директоры Михаил Чикаев.

Қала даңғылдарын реконструкциялау кезінде жаяу жүргінші аймағын кеңейту, көлеңкелі кеңістікті қалыптастыру үшін жасыл желек отырғызу, жаңа субұрқақтар салу қарастырылған. Кеспе тастар төслеуде, жарық діңгектері, суару жүйесі ауыстырылуда, нысандардың кіре берістері мен сырты жаңаруда.

Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының, комиссиялар сапарларының қорытындысы және қоғамдық пікір бойынша мердігерлік ұйымдарды таңдаудың мемлекеттік сатып алу процедураларын азайту мен отандық құрылыс материалдарын пайдалану арқасында қаржының бастапқы жобадан 40%-ға үнемделгенін айтты.

Ол барлық мердігерлік ұйымдардың екі жылға жұмыс сапасы бойынша кепілді міндеттеме қабылдағандықтарын жеткізді. Мысалы, өткен жылы Жібек жолы көшесінде жаңғырту жұмыстарын жүргізген «Атрикс-Строй» ЖШС өз қаржысы есебінен жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіруде.

Биылғы жылы қала даңғылдарын реконструкциялау жөніндегі конкурсқа әр учаске бойынша 6 - дан 8 компанияға дейін үміткер болды. Мердігерлік ұйымдар отандық өндірушілер арасынан құрылыс материалдарын жеткізушілерді өздері таңдады. Құрылыс кезінде өнімнің әр партиясынан сараптама үшін үлгі алынып, оның құрамы зерттелді.

«Әрине, отандық материалдардың сапасы жоғары деңгейде деп айта алмаймыз, бірақ сұраныстың жыл сайын артуы барысында жақсарады деген сенімдеміз. Негізгі масса нмесе гранитті өнімдер мен троутар плиткаларының 92%-ы Жамбыл облысының «Казахгранит», Алматының «Конкрит», «Адеми кала», «Юформ», Қостанай облысының «Костанай МБИ», Жамбыл облысының «Казахмайнинг», Алматы облысының «Эзмир» сияқты кәсіпорындарынан алынды, бұлардың барлығында сапа сертификаттары бар. Кәіпорындардың барлық өнімдері сатып алынды, қалған өнімнің 8%-ы шетелдік өндірушілердікі. Қазіргі кезде негізгі құрылыс жұмыстарының барлығы аяқталып қалды, қазан айында ағаш отырғызуды бастаймыз», - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Жұмыс сапары кезніде Алматы әкімі Тимирязев көшесіндегі BRT желісінің құрылыс қарқынын тексеріп, «Даулет Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымының жұмысын сынға алды.

«Қаржы дер кезінде бөлінді, соған қарамастан жұмыс кестеден қалыс қалуда. Жұмыс ауқымы үлкен, оны игере алмай келесіңдер. Тек біздің күн сайынғы тексеруіміз бен қоғамның сынынан кейін ғана қосымша күш тартылып отыр. Бірінші қыркүйекке дейін қозғалыс бөлігі ашылуы тиіс», - деді Бауыржан Байбек.

BRT алғашқы фазасы бағытының ұзындығы 8,7 км, Мустафин – Сүлейменов – Жандосов – Тимирязев көшелерінен Желтоқсан көшесіне дейін барады. Мустафин, Рысқулбеков және Сүлейменов көшелеріндегі учаскелерді жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. Осындай құрылыс жұмыстары Жандосов және и Тимирязев көшелерінде жалғасуда.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963