Мәскеудегі қазақстандық кинотуындылардың көрсетілімі халықты көптеп жинады
МӘСКЕУ. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Өткен сенбі күні Мәскеуде «Достар киносы» форумы аясында Қазақстан киносы күндері өткізілді.
Бұл күні негізінен біздің отандастарымыздан құралған көрермендер қауымы қазақстандық режиссерлердің соңғы бес жылдағы оншақты туындыларын тамашалады. Сонымен қатар сеанстар арасындағы үзілістерде туындылардың авторларына өздерін қызықтырған сауалдарын қоя алды.
Қазақстан киносы күнінің ашылуы салтанатына арнайы ат басын бұрған Ресейдегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков тек саяси және экономикалық өзара ықпалдастықты ғана емес, мәдени саладағы ынтымақтастыққа да өз әсерін тигізіп отырған еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің дамуының маңыздылығын атап өтті. «Егер біз бір-бірімізді жақсы танып, бір-бірімізді бағалай алсақ, біздің арамыздағы достық қарым-қатынастарымыз да шынайы болатыны сөзсіз», - деді З.Тұрысбеков.
Кинофорум Мәскеудің сегіз кинотеатрында 24-27 наурыз аралығында өткізілді. Оның бағдарламасында Еуропа, ТМД, Шығыс Азия мен Кавказдың режиссерлерінің 60-тан астам туындылары болды.