Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3575 0 пікір 29 Наурыз, 2011 сағат 03:37

Елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауын 1059 байқаушы бақылайтын болады

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Орталық сайлау комиссиясы 3 сәуірге тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауын бақылау  үшін келген шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тағы 9 байқаушысын тіркеді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісінде мәлім болды.

Отырыста осы мәселе бойынша баяндама жасаған ОСК-ның мүшесі Татьяна Охлапкованың айтуынша, осылайша елімізде өтетін кезектен тыс Президент сайлауын 1059 байқаушы бақылайтын болады. «Олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасты ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясынан - 357, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының миссиясынан - 426, Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясынан -13, 4 халықаралық ұйымнан -100, 25 шет мемлекеттен -163 байқаушы тіркелді»,-деді ОСК мүшесі.

Сондай-ақ ол сөзінде, кезектен тыс сайлауда шетелдік және халықаралық байқаушылармен қатар еліміздің Сыртқы істер министрлігінде тұрақты тіркелген немесе қысқа мерзімге тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бақылайтындығын атап көрсетті. «Қазіргі таңда Сыртқы істер министрлігінде тұрақты түрде 90 шетелдік ақпарат құралының өкілі тіркелген. Бүгін байқаушылардан өтініш қабылданатын соңғы күн. Сондықтан кезектен тыс сайлауға қатысатын байқаушылардың жалпы қорытындысын түнгі 24-00-ден соң қорытындылауға болады»,-деді Т.Охлапкова.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329