Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Саңлақ 4918 5 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 11:02

Құрамында жалғыз қазақстандық ойыншы бар «Астана» «Динамомен» тең түсті

«Астана» Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясындағы алғашқы матчын сырт алаңда киевтік «Динамо» командасына қарсы өткізіп, 2:2 есебімен тең тарқасты.

Үшінші жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынап жатқан елорладық команда Кеңес футболының үздігі болған даңықты «Динамоға» қарсы матчқа үлкен үмітпен аттанған. Украиналық команданың соңғы кездері ала-құла өнер көрсетіп жүргенін пайдаланып, сырт алаңнан ұпай еншілеп қайтуды мақсат етті.

Команданың бас бапкері Григорий Бабаян негізгі құрамға аздаған өзгеріс енгізді. Жартылай қорғаныс шебіне Серікжан Мужиковтың орнына Әзірбайжан құрамасының ойыншысы Ричард Альмейданы шығарды. Бірақ, біздің ойымызша бұл аса көреген шешім бола қойған жоқ. Альмейданың Серікжаннан асырып өнер көрсеткенін байқай алмадық.

Осы жерде айта кетер бір мәселе, «Астана» сапында бұл кездесуді бірінші минуттан бастаған 11 футболшының тек біреуі ғана таза қазақстандық. Сол қапталдағы қорғаушы Димтрий Шомкодан басқа он ойыншы шетелден келген шеберлер. Рас, Қақпашы Эрич пен орталық қорғаушы Постниковта Қазақстанның көк паспорты бар. Бірақ, бұның біріншісі Сербияда туып-өскен, ал соңғысы Ресейдің екінші сортты ойыншысы. Ал қалғаны легионерлер.

Құрамында қазақ түгілі қазақстандық ойыншы аз елордалық командаға елде қалған миллиондаған қазақ жанкүйерлік етті. Қазақстанның командасын қазақтан басқа кім қолдайды дейсіз? Елдегі өзге ұлт өкілдерінің ресейлік командаларға жанкүйер екені жасырын емес, олар үшін «Астананың» жеңісінен «Зениттің» жеңілісі әлдеқайда артық.

Бірақ, бір қуантарлығы командамыз К тобының мықтысы саналатын «Динамодан» жеңілген жоқ. Киевтен бір ұпай еншілеп қайтты. Тағы бір айта кетерлігі, өзіне берілген бар болғаны бес минут уақытты сәтті пайдаланған Роман Муртазаев ойын бітер тұста гол соғып, есепті теңестірді.

Еуропа лигасы. Топтық кезең

«Динамо» - «Астана» - 2:2 (2:1)

Гол соққандар: Виктор Цыганков 11, Денис Гармаш 45+2 - Марин Аничич 21, Муртазаев 90+4

«Динамо» Киев: Бойко (Қ), Сидорчук (К), Вербич, Цыганков, Гармаш, Пиварич, Бурда, Буяльский, Н. Русин, Кадар, Кендзера.

«Астана»: Эрич (Қ) (К), Рукавина, Аничич, Кляйнхайслер, Педро Энрике, Томасов, Маевский, Ричард Альмейда, Кабананга, Постников, Шомко.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006