Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5473 12 пікір 28 Қыркүйек, 2018 сағат 13:28

Ли Куан Ю дің үлгісі

Әбден тоқырап, адам көргісіз бейшара күйге түскен елді Ли Куан Ю 25 жылда экономикасы дамыған мықты мемлекетке айналдырыпты. 25 жылда! Жан басына шаққанда ІЖӨ 15 есе өскен – 400 доллардан 12,2 мың долларға дейін. Бұған қалай жетті?

Ли Кун Ю заңды барынша ашық, түсінікті етіп жаздырып, бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасайды. Сингапурда билік басындағы жемқорларды анықтайтын арнайы тәуелсіз мекеме құрылады. «Адамның заңнан қашып құтыла алмайтынын білуі – жемқорлықтың жолын кесетін ең тамаша тәсіл!» деген екен ол. Сингапурда жемқорлықпен күрес қоғамның қуыс-қуысына дейін кіріп кетіп, министрлер мен шенділерге дейін, тіпті кейде премьер-министрдің туыстарын да жауапқа тартып жатты. Соның арқасында Сингапур 25 жылдың ішінде отар елдің «шекпенінен» шығып, әлемдегі ең экономикасы дамыған мемлекетке айналып шыға келді.

Сингапур деген біздің бір облысымызға да жетпейтін кішкентай ғана арал. Бұларда ешқандай қазба байлығы жоқ, судың өзін көршілерден сатып алады екен әлі күнге дейін. «Сингапур - кабинеттен шықпай-ақ басқара беретін шағын ел ғой» дейтін шығар біреулер.

Премьер министр Ли Куан Юдің сол кездегі өкілеті біздің қазіргі әкімдердің өкілетімен бірдей-ақ болған. Біздің әкімдер де дәл сондай бір-бір ауданды, бір-бір облысты басқарып отыр қазір. Қаншама қазба байлығы болса да, бірақ ешқайсысының Сингапур сияқты өсіп, өркендеп кеткенін көрмедік!

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320