Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3289 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 06:45

Жасым тоқсаннан асса да, сайлаудан қалып көргенім жоқ - А.Мұқышева, БҚО

ОРАЛ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Жасым тоқсанның төртеуіне келсе де, сайлаудан қалып көрмеген адаммын. Бұл туралы БҚО-ның Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылында тұратын зейнеткер Ақкенже Мұқышева мәлім етті.

Оның айтуынша, ері, Ұлы Отан соғысының ардагеріДүйсенғали оншақты жыл бұрын дүние салған. Қазір үлкен қызы Гүлжамалдың ұлы, жиені Максим Құспановтың қолында тұрып жатқан әжей алыстағы балаларымен де жиі хабарласып тұрады. «Қолдарына шақырғанмен, қартайғанда туған жерден қалай жырақ кетейін. Ауылда да тұрмыс жаман емес. Үйдегі теледидар, газет өз алдына, ауыл әкімдігінен де адамдар келіп, 3 сәуірде президенттік сайлау өтетіндігін айтқан. Бұрында да сайлаудан қалған жоқ едім. Соңғы жылдары жүріп-тұруы қиындаған қариялардан сайлауком мүшелері дауысты келіп алатын болды ғой. Мен де іштей таңдауымды жасап, әзір отырмын. Ең бастысы, ел тыныш, жұрт аман болып, қазақ елі қарыштап алға баса берсін», дейді А.Мұқышева.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5302