Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3385 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 06:52

Еркін күрестен Қазақстан жазғы спартакиадасында жастар да жақсы көрінді

ОРАЛ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында мәреге жеткен еркін күрестен Қазақстанның ІІІ жазғы спартакиадасында жастар да жақсы көрінді.

ОРАЛ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында мәреге жеткен еркін күрестен Қазақстанның ІІІ жазғы спартакиадасында жастар да жақсы көрінді.

Мамандар, әсіресе, кеше 60 келі салмақта күрескен астаналық, жиырма жасқа жаңа іліккен Саятбек Оқасовқа ерекше риза болды. Жастар арасында Азия чемпионы болып үлгерген ол ересектер арасында қиындау топқа түссе де, қарсыластарынан еш қаймыққан жоқ. Саятбек осы жолы белгілі балуан Жасұлан Мұхтарбекұлын да ұтты. Ал финалда өзінен үш жас қана үлкен оңтүстікқазақстандық Батырхан Шардарбековты жеңіп, чемпион атанды. 74 келі салмақта шешуші бәсекеде қарағандылық кәнігі шебер, Азия біріншілігінің қола жүлдегері Сайфеддин Османовқа Алматы қаласының 1990 жылғы өкілі Жігер Закиров қарсы келді. Жігер бұл жолы тәжірибелі балуаннан айласын асыра алмаса да, болашағынан үміт күтуге болатынын танытты. Бұл салмақта күресетін әлем біріншілігінің қола жүлдегері, батысқазақстандық Абдулхаким Шапиев біріншілікке қатысқан жоқ. 96 келіде БҚО атынан сынға түсіп жүрген Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Таймұраз Тигиев жарақатына байланысты кілемге шықпады. Осы Таймұразды бұдан бұрын екі рет жеңген павлодарлық Дәулет Шабанбай осы жолы да бабында екендігін көрсетті. Жиырма сегіз жастағы Дәулет финалда Алматы облысынан келген 1987 жылғы Әлихан Жұмаевты тізе бүктірді. Бұл салмақта да бәсекелестік күшті. Бейжің олимпиадасына берілер жолдаманы кезінде осы Дәулет жеңіп алған болатын. Бірақ бапкерлер Бейжіңде Т.Тигиевті жарысқа қосқан болатын. Енді Лондон олимпиадасы да қыр астында. Сондықтан басты мақсат  әлем біріншілігі мен олимпиадаға нағыз мықтыларды дайындап апару болса керек. Биылғы спартакиадада ең ауыр 120 келі салмақта астаналық жас балуан Асхат Құсеповтің олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марид Муталимовты ұтуы бапкерлер үшін таңдаудың бар екенін танытты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301