Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
3978 0 пікір 3 Қазан, 2018 сағат 08:46

Өзбекстанда цемент зауытында қысқартуларға қарсы толқу болды

Ферғана облысы, Кувасай қаласындағы «Кувасайцемент» зауытында жұмысшылар толқуы болған. Бұл Ферғана жазығындағы ең ірі кәсіпорын.

Asiaterra.info интернет басылымының мәліметі бойынша, "Кувасайцемент" жұмысшылары жаппай қысқартуларға қарсы, жұмысты тоқтатып, қарсылық білдірген.

Жұмыс уақыты басталар алдында, таңғы сағат 7-де жұмысшылар мінген автобус зауыт қақпасының алдына тоқтап, кәсіподақ комитетіне бет алған. Ондағы жұмысшылар, көбі әйелдер әкімшілік пікірін тыңдамайынша, жұмысқа шықпайтындарын білдірген.

Оқиға орнына Кувасай қаласы әкімі милиция жасағымен келген. Зауыттың техникалық директоры одан жұмысшылар толқуын басуды талап еткен. Зауыт Қырғызстанмен шекаралас аймақта орналасқандықтан, бұл жер ерекше бақылауға алынған.

Жарты сағаттан кейін зауыттың бас директоры Юрий Старыгин мен орынбасары Серік Уканов келген. Кувасай әкімі зауыт басшыларымен және жұмысшылармен сөйлесіп, кикілжіңді шешуге көмектесуге уәде берген. Осыдан кейін жұмысшылар тарқаған.

Зауытта жалпы 1600 адам жұмыс істейді. 2018-2019 жылдар аралығында зауыт басшылығы 500 адамды қысқартамыз деген ескерту жасаған.

Зауытты Алматыда орналасқан "Қазақстан цемент компаниясы" ЖШС басқарады. Соңғы бес жыл ішінде "Кувасайцементте" 15 бас директор ауысқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1026
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2575
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 717
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 679