Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 8070 2 пікір 5 Қазан, 2018 сағат 15:46

Жолдауда айтылған реформаларды жүзеге асыру үшін бәріміз мүдделі болуымыз керек

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Биылғы Жолдаудың тақырыбы - «Қазақстандықтардың   әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды.

Жиынға ҚР Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, ҚР Үкімет мүшелері, ҚР Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, ірі қоғамдық ұйымдар жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты. Жолдаудың толық мәтіні «Abai.kz» ақпараттық порталында жарияланды.

Айта кетейік, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Сонымен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында қамтылған мәселелердің бірқатарына біз шолу жасап шықтық.


-Президент 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады.

-«Ауыл - Ел бесігі» жобасының басталғанын жариялады.
-Ұлттық жаңғыру комитетін құруды;
-Үкіметтің және басқа мемлекеттік органдардың жұмысында бюрократизм мен формализмді қысқартуды;

-құқық қорғаушыларды аттестациядан өткізуді;

-2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80%, ал 2020 жылы 90%-нан кем емес электронды форматқа ауыстыруды;

-Полиция жұмысын сервистік модельге ауыстыруды;

-полицейлердің жалақысын көтеруді;

-Ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша жол картасы әзірлеуді;

-2019 жылдың басынан ІІМ-де Реформа жүргізуді;

-жаңадан Индустриялық-инновациялық даму, Нұрлы жол, Нұрлы жер, 2025 жылға дейінгі бизнестің жол картасы бағдарламаларын әзірлеуді;

-2025 жылға дейінгі Аймақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуді;

-бюджеттен бөлінген қаражат тиімді әрі мақсатты түрде жұмсалуын қадағалауды;

-үш ауысымдағы мектептер мәселесін шешуді;

-әкімдерге ең алдымен адамдарды алаңдататын инфрақұрылымдық мәселелерді шешуді тапсырды.

Сондай-ақ;

- Тұрғын үй құрылысы бойынша 5 жылдың ішінде 650 мың отбасының немесе 2 миллион адамның баспана мәселесін шешіледі.

-қазақстандықтарды бұқаралық спортқа тарту үшін Үкімет мен әкімдерге аймақтарда 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды жүктеді.

-Учаскелік дәрігерлердің айлығы 20 пайызға көбейеді.

-2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы Заң қабылданады.

-«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінетін болады.

-Ұлттық банк басым бағыттағы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөледі.

-Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді.

-ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында көтерілген бітқатар мәселелерді тізбелеп шықтық. Осыған орай «Abai.kz» ақпараттық порталы сарапшылардың пікірін сұраған еді. Енді соған көз жүгіртейік:

Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов, ШҚМТУ ректоры:

-Бүгін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Онда біздің халықтың әлеуметтік тұрмысына қатысты көптеген мәселелер қамтылды. Біз Жолдауды ұжым болып отырып, тыңдадық. Біздің ұжым ұстаздар ұжымы.

Біріншіден, Елбасымыз қазақстандықтардың жалақысын өсіру мәселесін көтерді. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын қазіргіден 1,5 есеге көтеру туралы Үкіметке нақты тапсырма берді. Қазір еліміз бойынша ең төменгі жалақы мөлшері 28 мың теңге болса, енді келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 мыңға дейін көтернілетін болды. Бұл өте дұрыс деп есептеймін. Біз Жолдауды 300 мұғаләм отырып тыңдадық. Елбасының әрбір көтерген бастамалары сол аудиторияға жиылған жұрттың көңілінен шығып отырды.

Екіншіден, біз ЖОО болған соң жастармен жұмыс жасаймыз. Елбасы осы жастардың жаңа пәтер алу мәселесін көтерді. Келер жылы Қазақстанда Жастар жылы деп жариялады. Бұл дегеніңіз жастар мәселесі Үкіметтің, Елбасының назарынан тыс қалмайды деген сөз. Президен Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін бірінші мәрте айтып отырған жоқ.

Одан кейін, бүгінгі Жолдаудан ұққанымыз – Президентіміз елдегі жағдайды егжей-тегжейлі біліп отыр екен. Сондықтан да, бүгінгі Жолдауда абстрактілі емес, нақты-нақты тапсырмалар айтылып, мәселелер көтеріліп отыр.

Ол ксінің тағы бір айтқаны Қазақстандағы Жоғарғы оқу орындары туралы болды. Бұл енді бізге тікелей қатысты сала болған соң, сол туралы пікір айтқанды жөн көрдім.

Қазіргі уақытта ЖОО жұмысына қалай баға беруге болады? Оның жалғыз жолы бар. ЖОО түлегі жұмысқа тұра ма? Тұрса қандай жалақы алады? Бітті. Осы екі критерий арқылы ЖОО білім беру сапасына диагноз қоюға болады. Бұны да Елбасы бүгін өз Жолдауында қадап айтты.

Ол өте дұрыс деп есептеймін. Себебі, біздің түлектер қолдарына диплом алып, университет бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасады. Жұмысқа тұрғанда міндетті салықтық тіркеуге тұрады. Ал біз содан-ақ, олардың қанша жалақы алып отырғанын көріп отырамыз.

Мысалы, біздің Университетті былтырғы түлектері туралы айтар болсам, біздің былтырғы түлектердің 94 пайызы жұмысқа орналасқан екен. Біз бұл деректі біріңғай электронды базадан алып отырмыз. Бұл өте жақсы нәтиже деп ойлаймын.

Нұрлан Өтешов, «Азаматтық бастамаларды қолдау» КЕАҚ басқарма төрағасы, «Рухани жаңғыру» басқару кеңсесiнiң «Атамекен» iшкi бағдарламасының бас менеджерi:

-Елбасының Қазақстан халқына, қазақ қоғамына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдады. Биылғы Жолдаудың дәл қазір жолдануының өзі де еліміздегі әлеуметтік мәселелердің сондай бір маңызға ие болып отырғандығын көрсетеді. Елдің тұрмыс-тіршілігі, әл-ауқаты үнемі Елбасының, Үкіметтің назарында екенін тағы бір мәрте еске салды. Сондықтан да, биылғы Жолдау тақырыбы – «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды.

Меніңше, биылғы Жолдаудың басты артықшылығы жылпылама емес, нақты әлеуметтік салаға, яғни әр азаматтың ахуал-тұрмысына бағытталды. Мен осылай деп айта аламын.

Менің байқағаным, Жолдау экономикалық мәселелерді қамтып басталды да, аяғында әрбір адамның, Қазақстанда тұрып жатқан әр азаматтың мәселесін қамтып өтті. Бұлай дейтін себебіміз, қазіргідей жылдам өзгеріп, көз ілеспес жылдамдықпен дамып келе жатқан әлемде ең маңыздысы – әрбір адамның бәсекеге қабілеттілігі болуы. Жолдаудың басында Елбасы Қазақстанның еңбеккерлік қоғамын қалыптастыру деген маңызды мәслені айтты. Әрине, еңбекқорлық қана біздің елдің өзгелермен бәсекелесуіне, азаматардың еңбеккерлігін өсіруге ықпал етеді. Сондықтан да бұл маңызды фактор. Өйткені елдің экономикасын өз азаматтарымыз жасауы керек.

Содан кейін, Елбасы өз Жолдауында еліміздегі ғылым мен білім саласына басты назар бөлді. Әсіресе, орта білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі білім беріу орталықтарына назар аударды.

Келесі жылды Жастар жылы деп жариялады. Жалпы меінң көзқарасым былай: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының биылғы Жолдауы – түгелімен дерлік жастар мәселесіне арналды. Сондықтан биылғы Жолдау – жастарға арналған Жолдау болды деп айта аламын.

Еліміздегі билік салалары, экономикалық, қаржылық, қоғамдық ұйымдар, Үкіметтік және Үкіметтік емес ұйымдардың барлы дерлік жастар мәселесіне назар аударуы тиіс. Өйткені, Қазақстанның болшағы жастардың қолында екенін Елбасы жиі айтып жүр.

Содан кейін, менің бір қуанғаным – Елбасы келер жылы мұғалімнің мәртебесі туралы заң қабылданатынын айтты. Бұл өте қуантарлық жаңалық. Бүгінгідей, мұғалімдер күні қарсаңында бұл үлкен сый болды десе де болады.

Әрбір адамның тұлға болып қалыптасуында, дамуы мен білім алуында ұстаздың ең маңызды рөл атқаратынын білеміз.

Дариға Исмағамбетова, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының былғы жылғы дәстүрлі Жолдауының негізгі өзегі - барша қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, тұрмысын жақсарту. Сондықтан да Мемлекет басшысы Жолдауында әлеуметтік мәселелерге айрықша мән бергенін ерекше атап өткен жөн.

Президент тұрғын үй құрылысы, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту әдеттегідей басты назарда қала беретінін мәлімдеді. Партияның қоғамдық қабылдауына келетін тұрғындардың негізгі мәселесі - баспана.

Бұл орайда Елбасының әкімдерге ірі қалаларда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын өсіруді тапсыруы мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал ететіні сөзсіз. Елбасы үй аларда халықтың бас ауруы – бастапқы жарна екенін де дөп басты.

Сондықтан жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды ішінара субсидиялау мәселесін пысықтау қажет екенін атап өтті. Ақтөбедегі аз қамтылған отбасылардың баспаналы болуына жаңа мүмкіндік жасалып жасалғанын атап өткен жөн. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша төленетін алғашқы жарнаның 10 пайызы жергілікті бюджеттен субсидияланады. Бұған Ақтөбе облыс әкімдігі мен "Баспана" ипотекалық компаниясы арасындағы меморандум негізінде қол жеткізілді.

Елбасының 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы деңгейін 1,5 есе көтеруді міндеттеуі де қарапайым халықтың қамы. Бұрын 28 мың 300 теңге алған азаматтардың жалақысы енді 42 мың 500 теңгеге дейін өсуге тиіс.

Келешегі бар ауылдарды дамытып, жолдарды маңызы бар бағытқа салу үшін Мемлекет басшысы 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2030 жылға дейінгі болжамды схемасын әзірлеуді және Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі прагматикалық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Қорыта айтқанда, Елбасы атап өткендей әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443