Павлодарда спорт кешені салынады
ПАВЛОДАР. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жазда Павлодарда үлкен спорт кешенінің құрылысы басталады, деп хабарлады дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Александр Шнейдмюллер.
Сәулет жобасында спорттың ойын түрлеріне және жарыстар өткізуге арналған 24х42 метрлік үлкен зал қарастырылған. Оның трибуналарында 500-ге дейін көрермендер жайғаса алатын болады.
Сондай-ақ, акробаттар мен көркем гимнастардың жаттығуына арналған осы көлемдегі тағы бір зал, балуандарға, ауыр атлеттерге, теннисшілерге арналған 18х24 метрлік бес спорт залы салынады. Оған қоса, жаңа кешенде тренажер, аэробика және фитнес залдары қарастырылған.
Кешен 2012 жылдың орта шенінде пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі аясында қаржыландырылып отыр.