Елімізде болып жатқан барлық игі істерге өзімнің де үлесімді қоса алатынымды алғаш рет сезіндім - ШҚМУ студенті
ӨСКЕМЕН. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Кеше мен алғаш рет дауыс бердім. Көңіл-күйім тамаша», деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және халықаралық қатынастар факультетінің студенті Данияр Саримов.
«Сезімімді сөзбен жеткізу қиын. Бірақ мен енді өзімді елімнің патриоттары қатарына жатқыза алатыным анық. Білесіз бе, президентті сайлау менің отбасым үшін маңызды және өте жауапты мәселе», дейді Данияр. Ол кеше курстасы Элина Гербер екеуі №78 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берді.
Өмірінде алғаш рет сайлауға қатысқан тағы бір «дебютант» - Кристина Хрущева. Кристина С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің психология-педагогика факультетінде оқиды. «Өмірімдегі бірінші сайлауға көтеріңкі көңіл-күймен қатыстым. Мен университетте әкімнің грантымен оқимын және елімізде болып жатқан барлық игі істерге өзімнің де үлесімді қоса алатынымды алғаш рет сезіндім. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», - дейді ол.