Түрмеге 10 келі марихуана тасу әрекетінің жолы кесілді
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері қырағылығының арқасында, 3 сәуір күні Қарағанды облысындағы түзету мекемесінің аумағына 10 келідей марихуана жеткізу әрекетінің жолы кесілді.
Бұл туралы пенитенциарлық жүйенің баспасөз қызметінен хабарлады.
Түрме қызметкерлері ішкі әскер қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі тасымалдаушыны ұстады. Қарағанды облысының тұрғыны, 35 жастағы азаматты тінту кезінде ішіне есірткі заты салынған үш түйіншек тәркіленді.
Осының алдында Павлодардағы қатар режимдегі колонияда да есірткі тасу әрекетінің жолы кесілді. Сотталушыға жіберілген сәлемдемедегі карамель кәмпиттердің ішінен полиэтилен капсулаларына салынған героин заты тәркіленді. Ал Қарағанды облысының Көксу кентіндегі әйелдер колониясында сотталушыға әкелінген сәлем-сауқаттағы көк пияздың ішінен 100 грамдай героин салынған үш түйіншек табылған
Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
2011 жылдың бірінші тоқсанында режимдік нысандарға есірткі заттарын тасу әрекетінің 79 фактінің жолы кесілді, деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.