Алматы облысында ерікті өрт сөндірушілер жасағы құрылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ -Аудандар мен қалалардың жоспарларына сәйкес, Алматы облысының барлық селолық округтерінде 244 ерікті өрт сөндірушілер жасағы құрылды, олардың құрамына 7 554 адам кіріп отыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, еріктілерге 3 өрт сөндіру көлігі, өрт сөндіруге бейімделген 128 бірлік техника, соқалы 879 трактор, 35 мотопомпа бөлінді.
Оған қоса, шаруашылық жүргізуші нысандарда 11 ерікті өрт сөндірушілер құрылымы құрылған, жеке құрамына 1 266 адам кіретін ол жасақтардың қарауында 115 өрт сөндіру техникасы 13 бейімделген техника және 38 мотопомпа бар.
Бұл еріктілер жасағы алыс елді мекендердегі өрттерді және табиғи өрт ошақтарын сөндіру үшін құрылған, олар сонымен бірге тұрғындардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді атсалысатын болады.
Бұл мақсаттарға аудандар мен қалалардың 2011 жылғы бюджеттерінде 12,1 миллион теңге қарастырылып отыр.