Бүгін Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 5 сәуір күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын антициклон анықтайды. Республиканың солтүстік және шығыс бөлігі өздерімен бірге жауын-шашындар мен күшті желдер алып келетін - атмосфералық ағымдар бөліктерінің ықпалында болады.
Атап айтқанда, түнде Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Ақмола облысының жекелеген жерлерінде сондай-ақ, көктайғақ күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде желдің күші секундына 15-20 метрді құрайтын болады. ШҚО-да желмен бірге көктайғақ күтілуде.
Алматы, Қостанай, Жамбыл облыстарында тұман болжануда.
Ал Маңғыстау облысында күндіз секундына 17-22 метр күшпен жел соғады, оған шаңды дауыл қосылуы ықтимал.