Түнде ТЖМ-ның құтқарушылары Орал қаласындағы облыстық және қалалық әкімдіктер ғимараттарында жарылғыш заттар іздеді
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше түнде, ҚР ТЖМ-ның құтқарушылары Орал қаласындағы облыстық және қалалық әкімдіктер ғимараттарында жарылғыш заттар іздеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 4 сәуір күні сағат 23.02-де, «112» телефонына анонимді қоңырау шалынып, Достық көшесіндегі 179 және 182/1 үйлерінде орналасқан облыстық және қалалық әкімдіктердің ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы айтылған.
Төтенше жағдай орнына дереу шұғыл құтқару қызметі жөнелтілді. Соның ішінде ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-ның 17 адамы мен 5 техникасы, ҚР ТЖМ Орал қаласындағы Шұғыл құтқару жасағының 4 адамы мен 1 техникасы бар.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында жарылғыш заттар табылмады.