Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
3702 1 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 10:53

Елбасы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының қалыптасу барысы жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта бұл қаржы құрылымының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық құқықтық және ұйымдастырушылық база жасақталғанын атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қазақстан Президентінің АҚШ пен Қытайға биылғы ресми сапарлары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады.

Қ.Келімбетовтің айтуы бойынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысқа кіріскен кезден бері өзін халықаралық аренада танытып үлгерді. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің мәліметтеріне сәйкес, бұл орталық әлемдік 100 қаржы орталығының ішінде 61-орынға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі бойынша 2-орынға ие болып отыр.

Сондай-ақ, кездесуде Мемлекет басшысына жекешелендіру және Қазақстан компанияларының акцияларын IPO-ға шығару үдерісінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының мүмкіндіктерінің пайдаланылуы жөнінде мәлімделді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1024
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2566
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 714
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678