Сырға Сақанқызы. Мәскеу тілінде сөйлейтін Астана
Астанада өткен бастауыш сыныптардың «Бастау» математика турнирі өңкей орыс тілінде өткенін сараптама комиссиясының хаттамасынан көруге болады. Бұл бастауыш сынып жұмыстарын сырттай бағалау нәтижесін білдіретін мемлекеттік мекеменің құжаты. Міне, осындай құжаттар мектептерден мемлекеттік тілді «аластап отыр». Осындай құжатсымақтар ресейлік мемлекеттік тілді егемен елдің жас ұрпағын тәрбиелейтін мекемелерге тықпалап отыр, мұғалімдері мен оқушыларын орысша «гәпіруге» иетрмелеуде. Көріп отырғанымыздай, құжат Қазақ елінікі, тіл - Ресейдікі. Бұл не? «Құл сөйлейді қожайынның тілінде» деген мәтелдің көрінісі ме, әлде жаңылыс түскен құжат па, www.astanadaryn.narod2.ru сайтындағы?
Бір қызығы, комиссия мүшелерінің бәрі қазақ деген ұлттың тумаларына ұқсайды. Оған қоса, тағы бір қызық: әлгі комиссия әуелі орыс мектептерін қарайды, сосын барып, «дәстүр бойынша» қазақ мектептерін бағалапты.
Қалғанын патша ырықты оқырман назарына қалдырдық.
«Абай-ақпарат»