Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3594 2 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 11:06

Бұл жолғы жолдау дамуды дәйекті жалғастыруды көздейді

Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің кезең-кезеңмен дамуының дәйекті жалғасы және еліміздің барлық азаматтары үшін нақты бағдар ретінде қызмет етеді.

Азаматтардың жайлылығын бағалау және олардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды көрсеткіштер ретінде анықталған адамдардың қауіпсіздігі мен сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету осы прогрессивті ілгерілеуде зор рөл атқарады.

Сот жүйесiн жетiлдiру және құқық қорғау органдарының жұмысын қайта құру, атап айтқанда, соттардың заманауи формаларын және қосымша электрондық қызметтердi енгiзу, қажет емес сот рәсiмдерiн қысқарту, бейресми функцияларды оңтайландыру, персоналды іріктеу және мансапты жоғарылату, қазіргі заманғы форматтарды енгізу туралы міндеттерді орындау халық сенімі мен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Медиация институты жанжалдарды шешудегі баламалы әдіс ретінде соттардың қызметін жетілдіруде маңызды рөл атқаруы керек сияқты. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында «соттарды жеңілдету үшін, дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру керек» деп анық айтқан болатын. Медиация соттарды жеңілдетуді ғана емес, сонымен бірге судьялардың өте күрделі процестерге баса назар аударуына мүмкіндік береді. 2017 жылдан бастап медиаторлармен байланысты істер саны орта есеппен 30 пайызға артты.

Өз кезегінде біз, Парламент депутаттары, Елбасымыздың Жолдауында қойылған мемлекеттік тапсырмаларды тиімді орындау үшін бар күш-жігерді жұмсаймыз, бұл жаңа кезеңде қабылданған заңдарының сапасына тікелей байланысты.

Владимир Волков, Парламент Сенатының депутаты

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529