Сенбі, 23 Қараша 2024
2975 4 пікір 15 Қазан, 2018 сағат 10:28

Путин Өзбекстанда аймақтағы алғашқы АЭС құрылысын бастауға қатысады

Ресей президенті Владимир Путин қазанның 13-інде басталатын Өзбекстанға ресми сапарының қорытындысында Орталық Азиядағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын бастау рәсіміне қатысатыны жөнінде мәлімдеген. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері хабарлады.

Алғашқы атом электр станциясының құрылысын Бұхара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жердегі Тодакөл су қоймасы ауданында салу жоспарланған. Құрылыс алаңын іздестіргенде инфрақұрылымдарға жақын, суы бар және сейсмикалық жағынан тыныш аймақ болуы есепке алынған.

Ресейлік «Росатом» компаниясы екі энергоблоктан тұратын кешен құрылысын салуды жоспарлап отыр. Атом электр станциясының қуаты 2300 МВт болмақ, яғни Өзбекстанға қажетті электр энергиясының 20 пайызға жуығын бере алады. Биліктің есебі бойынша, АЭС-тің арқасында жылына 4 миллиард текше метр газды үнемдеп, 600 миллион долларға дейін пайда табуға мүмкіндік бар.

АЭС салуға сын айтушылар оның орнына Өзбекстан күннен қуат алатын электр станциясын тұрғызса болар еді деп санайды. Өзбекстан субтропикалық аймақта орналасқандықтан мұнда күн батереялары панельдерін қоюға жер көлемі артығымен жетеді, бірақ олардың құны АЭС құрылысын салуға және оны ұстауға кететін шығындардан артып кетеді.

Атом электр станциясы құрылысын бастау рәсімін Ресей президенті Путиннің Өзбекстанға сапарына орайластырып белгілеген.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543