Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2451 0 пікір 7 Сәуір, 2011 сағат 02:58

Екібастұздағы «Восточный» разрезінің кеніштері мемлекеттік тілден конкурс өткізді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  7 сәуір.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Екібастұздағы  Еуразиялық   энергетикалық корпорациясының   «Восточный» разрезінде  мемлекеттік тілден конкурс  өтті,  деп   хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен.

Конкурсқа түрлі  ұлттың  өкілдері  - татарлар,  өзбектер,  орыстар қатысты   және   қазылар алқасының  пікірі  бойынша, олар қазақ тілін жақсы білетіндерін көрсетті.

«Конкурс       қатысушылардың білімдерін   барынша   анықтауға   бағытталған төрт кезеңнен  тұрды. Үш  команда:  өндіру,  аршу және  теміржол  цехтарының    командалары    берген тапсырмаларды  жақсы орындап,    қазақтың мақал-мәтелдері мен  жаңылтпаштарын  айтуда  жақсы  білім   көрсетті»,   - дейді  аудармашы  Қарлығаш   Бекмағамбетова.

Кеншілер сондай-ақ өз   өнерлерін  де  ортаға салды - ән айтты,    өлең  оқыды, би биледі.   Қазылар алқасының шешімі  бойынша  бірінші  орынды аршу цехының  командасы иеленсе,  екінші   орынды өндіру цехы   қанағат тұтты.   Мемлекеттік тілді  үздік  білгені  үшін  жылжымалы  құрама   дәнекерлеушісі  Денис Бородинге    жеке    сыйлық табыс етілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394