Алматыда мэрлер бас қосуы өтеді
Алматыда мэрлер мен саяси көшбасшылардың қатысуымен алқалы жиын өтеді. Онда қалалардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі және денсаулық сақтау шарасына көпшілікті кеңінен тарту жөніндегі мәселелер талқыланады. Бұл туралы Алмсаты ақшамы гәзеті хабарлайды.
Аталған шара Алматыда қол қойылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық декларацияның 40 жылдығына орайластырылған, әрі бұл құжат көпшіліктің денсаулығын қамтамасыз етудің стратегиялық негізіне айналған.
Айта кетерлігі, бұл декларация Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар» атты еуропалық желісін құруда маңызды рөл атқарды.
Сол кезден бастап жергілікті қоғамдастықтар базасы негізінде жұмыс істейтін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесі көпшіліктің денсаулығын жақсартудың құрамдас бөлігіне айналды. Алматы декларациясының мұрасын одан әрі кеңейте түсетін саммит қалалар мен өңірлердің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі, сау қалалардың қоғамдағы денсаулық сақтау ісіне тигізетін оң ықпалы, көші-қон ісіне қатысты әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру және түрлі проблемаларды шешу сияқты маңызды мәселелерді талқылайды. Саммиттің қорытындысы бойынша мэрлердің Алматы үндеуі қабылданады.
Қалалар әкімшіліктерінің 100-ден астам өкілі қатысатын форум Алматыда биылғы 23-24 қазан аралығында өтеді әрі Астанада болатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі Жаһандық конференцияның бастауына айналады.
Abai.kz