Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішев
Өткен ғасырдың 90-ыншы жылдары Жазушылар Одағының ғимараты алдында Сәкен Жүнісов пен Әлжаппар Әбішевке жолығып қалдым. Әлжекеңнің "Шерлі щежіресі"- шыққан кез. Сәкен аға осы кітап туралы біраз тебірене сөйлеп, Әлжекеңді ырза қылып тастады.
Әлжекең:" – Әй, сен оқыдың ба оны?"-деді маған бажырая қарап. – Жоқ... Қолға түспеді..." - дегем. Әлжекең:" Сендер өздеріңнен басқа кімді оқушы едіңдер?!"-деп, маған жақтырмай қарап, ішке кіріп кетті.
– Мен сенің осы көкеңді елден ерек сыйлаймын. Неге екенін білесің бе?-деді Сәкен аға, – Бұл НКВД-нің Мұхтар Әуезовтің соңына салып қойған жансызы ғой?! Мұхаң – Алашорданың адамы, Әлжаппар – Қарағандыдан келген пролетариат, өкіметтің ең сенімді кісісі, содан одан:" Мұхтар не істеп жүр, Совет өкіметі туралы не дейді?"-деп сұрайды ғой? Сонда Әлжекең: "Мұхтар Әуезовтің аузынан Сталин түспейді! Совет өкіметін жанындай жақсы көреді!"-деген жалған мәліметтер беріп отырған!
Әлжекең болмаса, оның 37-інің ойранынан аман қалуы неғайбыл еді! "Сыйға – сый, сыраға – бал"-дейді қазақ. Мұхаң да Әлжекеңмен бірге "Намыс гвардиясын" жазып, сенің көкеңді қазақ әдебиетінің классигі жасады..."
Серік Ақсұңқардың facebook парақшасынан
Abai.kz