Сәрсенбі, 2 Қазан 2024
46 - сөз 4102 8 пікір 17 Қазан, 2018 сағат 11:43

Батыстық идеологияның бір айырмашылығы...

Қазақстанда кез келген адамның әрекетсіздігін бетіне басып көріңізші. "Мен не істей аламын" дейді. Өздерін шарасыз, дәрменсіз сезінеді. Ұрысқа кіріспей жатып жеңіліп қойған адамдар. Кез келген кедергіні, үлкенді-кішілі сәтсіздіктің бәрін тағдырға, Құдайға, қоғамға жауып қойып жүре береді. Кеңестік кезден қаналушы, бағынушы ролі санаға сіңіп кеткен. Жауапкершілік жоқ.

Батыстық идеологияның бір айырмашылығы, бұлар өмірінде нендей нәрсе болса да өздерін жауапты сезінеді. Сол түсініктен қоршаған ортаға, жалпы дүниеге деген жауапкершілік өсіп шығады.

Егер адам өзіне сеніп, әлденеге жетемін десе, шынында оны тоқтататын күш жоқ.

Әсия Бағдәулетқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

8 пікір