Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
4758 2 пікір 18 Қазан, 2018 сағат 10:26

Қазақстанда тарақан сатылады

Пайда табудың түрлері көп. Мысалы, көптеген қазақстандықтар тарақан өсірумен айналысады, деп хабарлады қазақстандық БАҚ.

Тегін хабарламаларға арналған Olx.kz сайтында тарақан саудасы туралы ұсыныстар көп. Көбіне оны өрмекшілерді, сүтқоректілерді тамақтандыру үшін ұсынады, бірақ үй жәндігі ретінде сатушылар да табылады.

Тірі "тауардың" түрлері де көп. Сатып алушыларға мәрмәр және мадагаскар тарақандарын ұсынады. Сонымен бірге, банан түсті тарақандар, түркімен, америка, куба тарақандарын да табуға болады. Ірі египет тарақандарын саудалаушылар да жоқ емес.

Жәндік түріне қарай 30-дан 800 теңгеге (2 доллар) дейін саудаланады. 2-3 мың теңгеге көтерме бағамен алуға да болады.

Тарақан өсірушілер оларды күтудің қиындығы жоқтығын айтады. Ең бастысы, олар қашып кетпейтін жерде ұстау керек. Бұған қоса тарақан сатушылар оның түрлері мен өмір сүру ортасын, не жейтініне дейін айтып беруге әзір.

Abai.kz

2 пікір