Сенбі, 23 Қараша 2024
2531 0 пікір 18 Қазан, 2018 сағат 10:28

АҚШ Сириядағы жұмыстары үшін ресейлік компанияларға санкция салуы мүмкін

АҚШ билігі Сирияда жұмыс істейтін ресейлік және ирандық компанияларға қарсы санкция салуы мүмкін. Дональд Трамптың президент әкімшілігі тиісті жобаны әзірлеп жатыр. Бұл жөнінде NBC News телеканалы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Санкция ең алдымен Сирияны қалпына келтіру жобаларымен айналысып жатқан компанияларға салынбақ. АҚШ сонымен бірге Иран және Ресей әскері орналасқан аудандарды қалпына келтіру мақсатында қаржы бөлуден бас тартпақ.

Таяуда Вашингтон Иранның 20 компаниясы мен банкіне cанкция салды. Америкалық биліктің мәліметінше, аталған компаниялар Ирандағы элиталы әскери-саяси корпусты қаржыландырады. АҚШ мұнан бөлек балаларды сарбаз ретінде пайдаланды деп айыптайды.

Алдын АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Сирия Иран әскерін қолдағанын тоқтатпайынша, АҚШ-тан бірде-бір доллар алмайды деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522