Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3498 3 пікір 18 Қазан, 2018 сағат 10:43

Керчтегі шабуылдан зардап шеккен он адам жансақтау бөлімінде жатыр

Аннексияланған Қырымның Керчь қаласындағы Политехникалық колледжінде болған атыс пен жарылыстан зардап шеккен бес адам комада жатыр.

Жансақтау бөліміне барлығы он адам түскен. Бұл туралы "Россия 24" телеарнасының эфирінде Ресейдің денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова хабарлады.

Қырым басшысы Сергей Аксеновтың хабарлауынша, колледжде атыс шығарған студент қылмысқа алдын ала дайындалған. Қазан айында оған аң аулауға арналған қаруға рұқсат берілген.

"Интерфакс" дереккөзі шабуылдаушы мұғаліммен араздығы үшін осылай жасауы мүмкін екендігін айтқан.

17 қазанда Керчь қаласындағы Политехникалық колледжде болған шабуылдан кем дегенде 19 адам қаза тауып, шамамен 70 адам зардап шекті. Оқу мекемесіне шабуылды 18 жастағы студент Владислав Росляков жасады. Ол өзін атып өлтірген. Мәскеу бақылауындағы Қырымда аза тұту күндері жарияланды. Ресей президенті Владимир Путин шабуылдаушының мотивін анықтауды тапсырды. Керчтегі шабуылдан опат болғандардың туыстарына Украина президенті Петр Порошенко көңіл айтты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 908
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2346
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593