Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4819 2 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 13:53

Күнтізбектен алынса да, жүректерде қалған мереке құтты болсын, ағайын!

16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен және Желтоқсанмен байланысты. Ол күндері аза тұтудың орнына "Тәуелсіздік күні" деп тойлап жатамыз. Бүгінгі билікке тікелей тиіп кететін екі жалпыұлттық датаны ұмыттырғысы келетін сияқты!

Бүгін - 25 қазан, 2010 жылға дейін "Республика күні" ретінде мемлекеттік мереке күні боп келді.

Меніңше, сол дәстүрге қайта оралу керек.

Айтпақшы, "республика" ("res publica" - "қоғамдық іс") мемлекеттік билік тек қана сайланбалы органдар (президент, парламент, үкімет, жергілікті басқару органдары) арқылы жүзеге асырылатын жүйені білдіреді.

Бір адамға табынып жатқан және биліктің ауысуын династиялық жолмен жүзеге асырғысы келетін топтарға да бұл мықты антисигнал!

Күнтізбектен алынып тасталса да, жүректерде өз орнын ойып алған мереке күні құтты болсын, республикашыл ағайын!

Әміржан Қосанның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375