Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3369 0 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 10:25

Алматы әкімі ДДСҰ Еуропалық бюросының директорымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының директоры Жужанна Якаб мегаполисте өтіп жатқан «Салауатты қалалар» Еуропалық желісі мэрлерінің саммиті аясында өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Әңгіме барысында Жужанна Якаб ДДҰ-ның Алматымен, жалпы Қазақстанмен ынтымақтастығы деңгейін жоғары бағалады, салауатты өмірді қалыптастыру мен денсаулық сақтау саласын модернизациялаудың оң нәтижелерін атап өтті.

«Жайлы қала кеңістігін арттыру, қоғамдық көлікті дамыту, велосипедшілер және спортшылар үшін қолайлы инфрақұрылымды қалыптастыру қала тұрғындарының денсаулығын жақсартады. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, қаланы дұрыс жоспарлау онкологиялық және жүрек- қан тамырлары аурулары салдарынан болатын өлім деңгейін орта есеппен 25%-ға қысқартады екен. Алматының тәжірибесі тек Қазақстанға ғана емес, Еуропа өңірінің бірқатар қалаларына да пайдалы», - деп атап өтті ДДҰ-ы Еуропалық бюросының директоры

Ол өзінің сөзінде осыдан 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясының бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде қазірдің өзінде акуталды екенін әрі халықаралық деңгейде маңызды рөл атқаратынын айтты. ДДҰ қаламен ынтымақтастықты кеңінен дамытуды жоспарлауда және қала тұрғындарының салауаттылығын жақсартудағы жұмысты одан әрі жалғастыратын болады.

«Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына ықпал ететін қалаларды тұрақты өрістетуге ерекше мән берілген. Жа йлы және экологиялық қала кеңістігін,ОСЭР елдеріндегідей сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру біздің басты бағыттарымыздың бірі болып табылады. Осы орайда сапалы, жоғары дамыған медициналық қызмет көрсетудегі өзге қалалардың озық тәжірибелері бізге өте қызық», - деп атап өтті өз кезегінде Бауыржан Байбек.

Саммит барысында Алматы әкімі бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, оның ішінде РФ Вологод облысының губернаторы Олег Кувшинниковпен, француздың Ренн,нидерландтық Утрехт қалаларының басшыларымен жүздесті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3334
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105