Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Деп жатыр 4648 10 пікір 31 Қазан, 2018 сағат 11:09

Мырзан Қайғы - мемсыйлыққа лайық

Өркениетті елдерде Мемлекеттік сыйлықты майдан қыл суырғандай  етіп өмір бақи шығармашылықпен айналысып, сол саланың шыңына шыққан  жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар атанған ақын немесе жазушыға алып береді. Ал, біздің  елде  бәрі керісінше... Кімде-кім  мықты жағымпазданса, биліктің  шынайы келбетін  жасырып, өз азаматтық  көзқарасын білдіре  алмаса, шенеуніктер  үшін  солар тиімді. 

Тәуелсіздік  алған жиырма жеті жыл аясында  қаншама  ақын-жазушылар Мемлекеттік  сыйлық  алып  үлгерді. Мемлекеттік  сыйлықты  алмақшы  болып  додаға  түскендердің  сұрқия  сұмдықтарға  баратынын былайғы  жұрт  білмеуі  мүмкін. Арасында жүргендіктен қарапайым  пендешіліктен бастап, адам  айтса  нанғысыз  жағдайлар  болып жататынынан біз хабардармыз. Олар Мемлекеттік сыйлықты алып  алған соң да, қоғамдағы  қордаланған  мәселелерге қатысты  жұмған  аузын  ашпайды. Яғни, «Есек лайдан  өтті, қу  кетті» дегенге  саяды. Мемлекеттік  сыйлыққа тағайындаған  50 000 АҚШ долларды  қалтаға салса болды, іс  бітті.

Осының салдарынан Қазақ  қоғамындағы  ащы  проблемаларды қозғап, қазақ  тілінен бастап, діні, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, саясаты туралы  қара  қылды  қақ  жарып жазып  жүрген  қоғам   қайраткері,  ақын Мырзан Кенжебай сияқтылар тасада  қалып  қоя   береді. Өйткені, біздің  билікке шыңғырған  шындық  керек  емес.

Кейбіреулер "Мырзан Қайғы" деп  келекелеп  мықты ақынды ұната  қоймайды, өйткені  "ақиқатты  айтып немесе  жазып қояды" деп ойлайды. Ақындығы Мемлекетттік сыйлық  иегерлерінен артық  болмаса  кем  емес. Оны көкірек  көзі  ашық  зиялы  қауым  өкілдері  баяғыда  мойындаған. Сондықтан кім  көрінген  алып  жатқан Мемлекеттік  сыйлықтың  қадірін кетірмеуді ойлаған жөн болар еді.

Жұмамұрат  Шәмші

Abai.kz

 

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006