Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2253 0 пікір 13 Сәуір, 2011 сағат 04:38

Қазына Құлыбаевтың құзырына тиді

Төрт жылдан бері атқарушы биліктің төрінде отырған Кәрім Мәсімов кешелі бүгін өзінің «жаңа» командасын жасақтап жатыр. Жаңа деген сөзді жақшаға алуымыздың себебі бар. Себебі - үкімет құрамындағы кейбір лауазым иелері , мысалы, ұлт жанашыры, шын мағанасындағы биік парасат иесі, тілі мен тірлігінде мемлекетшіл тұлға екендігі әркез әйгіленіп тұратын мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамет, іс басына келгелі жаңашылдығы мен ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеп үлгерген  қайратты жас азамат байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова, денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко, экономика министрі Болат Жәмішов, қоршаған ортаны қорғау минситрі Нұрғали Әшім баяғы қызмет орындарын сақтап қалғанға ұқсайды. «Жаңа» команданың құрамында рас, жаңа есімдер де кездеседі. Мәселенки, туризм және спорт министрі болып Талғат Ермегияев бекіді. Ермегияев дейтін фамилия елге белгілі шығар. Амангелді Ермегияев - Алматының бас құрылысшысы. «Алматықұрылыстың» мызғымас президенті. Баяғы айтыстың айулы демеушісі. Әрі бұ кісі о баста «Нұр Отан» партиясын «Отан» болып тұрған кезде басқарған болатын. Енді биліктегі Ермегияевтердің кезеңі жалғасын тауып жатыр.

Төрт жылдан бері атқарушы биліктің төрінде отырған Кәрім Мәсімов кешелі бүгін өзінің «жаңа» командасын жасақтап жатыр. Жаңа деген сөзді жақшаға алуымыздың себебі бар. Себебі - үкімет құрамындағы кейбір лауазым иелері , мысалы, ұлт жанашыры, шын мағанасындағы биік парасат иесі, тілі мен тірлігінде мемлекетшіл тұлға екендігі әркез әйгіленіп тұратын мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамет, іс басына келгелі жаңашылдығы мен ұйымдастырушылық қабілетін дәлелдеп үлгерген  қайратты жас азамат байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова, денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова, төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко, экономика министрі Болат Жәмішов, қоршаған ортаны қорғау минситрі Нұрғали Әшім баяғы қызмет орындарын сақтап қалғанға ұқсайды. «Жаңа» команданың құрамында рас, жаңа есімдер де кездеседі. Мәселенки, туризм және спорт министрі болып Талғат Ермегияев бекіді. Ермегияев дейтін фамилия елге белгілі шығар. Амангелді Ермегияев - Алматының бас құрылысшысы. «Алматықұрылыстың» мызғымас президенті. Баяғы айтыстың айулы демеушісі. Әрі бұ кісі о баста «Нұр Отан» партиясын «Отан» болып тұрған кезде басқарған болатын. Енді биліктегі Ермегияевтердің кезеңі жалғасын тауып жатыр. Су жаңа министр Талғат Ермегияовтың лауазымды қызметке баруының ар жағында Ермегияев пен Есімовтің тонның ішкі бауындай жақындығы жатқан көрінеді.

Жап-жаңа министрлердің ішінде ауылшаруашылық министрі болып тағайындалған Асылхан Мамытбеков бар. Мамытбеков демекші, ұзынқұлаққа сенсек, Мамытбековті министр ету арқылы Шөкеев өзіне қарасты тобын «атан өгіздей» өрге сүйреп келе жатқанға ұқсайды. Нұрғали Әшімнің лауазымды қызметін сақтап қалуы да соны аңғартса керек.

Министр атанғандардың арасында Берік Қамалиев дейтін жігіт көлік және коммуникация министрлігінің екі тізгін, бір шылбырын қолына алды.

Аса маңызды министрлік - сыртқы істер министрлігінің тұтқасын ұстаған Ержан Қазыханов Еуропа мен біздің елдің арасын шаң қылған Саудабаевтың жылы орнына жайғасты. Мұндағы сыр Қазыханов негізі білікті арабттанушы екен. Ал, биыл Ислам конференциясын басқаратын елге бас арабтанушы қажет болса керек. Саяси элитаның ортасында «Циркаш» атты жанама есіммен елге танылған Саудабаев мемлекеттік хатшылық қызметінде қалып, саудасы сонымен тәмам болған сияқты. Оның ендігі қызметі елшілік болуы мүмкін. Яғни,  шет мемлекеттердің біріне төтенше және өкілетті елші миссиясын арқалап алыс қиянға аттануы кәдік деген ойдамыз.

«Самұрық-қазына» әл-ауқат қорын басқарған  Қайрат Келімбетов экономика және бюджетті жоспарлау министрі болып жөнін тапты да, қара майға толы бас қазанның құлағы үлкен үйдің белді күйеуі Тимур Құлыбаевқа   бұйрықпен бұйырды. Сонымен, сөздің қысқасы «Самұрықтың» биігіне «самғап» барып Тимур Құлыбаев қонды.

Сөз басында тырнақшаға алынған «жаңа» сөзінің екінші бір қыры мынада: аттарынан ауған министрлердің орнына тағайындалған «жас жігіттер» шындығында өздерінің бұрынғы бастықтарының орынына келіп жатқандар. Арасында жұрт жаңартқандар да бар. Демек, үкіметтің ішінара өзгеріске ұшырағаны орда ішіндегі ойындардың уақыты келгенін көрсетеді.

Президенттен кейінгі екінші орынға (сенат төрағалығына) кімнің келетіні әзірге беймәлім күйінде тұр. Десе де, ел ішіндегі әңгіме Алматының әкімі Ахметжан Есімов пен Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовті және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетовті меңзейді. Қаңтарда қатырып тұрып референдум өткізіп жібере жаздаған президент әкімшілігінің қазіргі басшысы - Аслан Мусин де сенат спикерлігінен үміткерлердің бірі көрінеді.  Алайда, таңдау кімге түсетінін әуелі бір Құдай сосын елбасы біледі...

«Жаңа» деген жақшадағы сөзімізге қайта оралайық. Саяси элита аталатын ортаның сайыпқыраны Сарыбай Қалмырзаев саптан шыға бастағанға ұқсайды. Президенттің іс басқарушысы болып министрлік қызметінен босаған Темірхан Досмұхаметов немесе көлеңкеге сіңіп көрінбей кеткен Болат Өтемұратов баруы ықтимал деседі Ақорданың айналасынан шыққан жіңішке ақпарат.

Ауыс-түйіс кешелі бермен облыс әкімдерінің арасында басталып кетті. Ауыс-түйіс деп ауыз толтыра айтқанымызбен бұл бағытта да пәлендей өзгерістердің бола қоймасы белгілі. Мысалы, алғашқылардың бірі болып қызметінен кетеді деп болжам айтылған Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов орнында қалды.

Сондай-ақ, Ақмола,  Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысының әкімдері де қайта тағайындалып "жаңа" үкіметтің жасағынан табылып жатыр...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534