Сенбі, 23 Қараша 2024
Ағаш ат 4387 23 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 13:39

«Astana Hub» Халықаралық технопаркі өз жұмысын бастады

Бүгін бас қалада «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің жұмысын ресми іске қосу шарасы өтті. Шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Сондай-ақ, ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Эстония Премьер-Министрі Юри Рактас, халықаралық ІТ-қоғамдастығының негізгі өкілдері, технология саласында танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер мен бірқатар елдің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының мамандары, венчурлық инвесторлар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

«Бүгін біз Astana Hub-ты ашып отырмыз. Бұл Қазақстанның цифрлық әлемі үшін ғана емес толықтай алғанда маңызды оқиға саналады. Барлықтарыңызды инновацияны дамытуға белсенді қатысуға шақырамын және Astana Hub  компаниялар үшін әлемдік танымалдыққа ие болу жолындағы трамплинге айналарына сенімдімін. Біз күш біріктіру арқылы барлық алға қойылған мақсаттарға жедел әрі тиімді қол жеткізе алатындығымызға сенімім мол. Ал мақсат белгілі - қазақстандықтар бүкіл әлемнен артта қалып қоймауы керек», - деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы құттықтау сөзінде.

Елбасы бүгінде Қазақстан посткеңестік елдері ішінде реформалар қарқыны, жан басына шаққандағы экономика көлемі  мен дамуы бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке айналғанын баса айтты.

Айта кетейік, Astana Hub миссиясы - ел экономикасын нығайту үшін стартап-мәдениетті дамыту және жоғары технологиялық жобаларды қолдау. Алдағы уақытта технопарк Қазақстан инновациясының экожүйесін дамытудың өзегі әрі локомотивіне айналып, технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық деңгейде мойындалған хаб болуы қажет. Жалпы Astana Hub 2022 жылға қарай стартап-резиденттерді инвестициялау көрсеткішін 67 млрд теңгеге жеткізуді мақсат етіп отыр.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404