Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
4153 0 пікір 7 Қараша, 2018 сағат 15:10

Алматы – Ташкент тас жолында жолаушы автобусына оқ атқандар ұсталды

Алматы – Ташкент тас жолында жолаушы автобусы оқпен атқыланды. Шымкент полициясы Түркістан облысының бірнеше тұрғынын ұстады.

Шымкенттің ішкі істер департаменті бұл оқиға 5 қараша, дүйсенбі күні болғанын хабарлады.

Түркістан облысының автокөлікке мінген бірнеше тұрғыны жолда қатарлас келе жатқан жолаушы автобусын жарақаттайтын тапаншамен атқан.

Күдіктілер артынша ұсталды. Қазір оларға қарсы "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Полиция ұсталғандар жарақаттайтын тапаншаны қайдан алғанын анықтайтын. Қарудың бұл түрі бірнеше жыл бұрын айналымнан шығарылған. Оны күзет компаниясының қызметкерлері ғана ұстай алады.

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 507
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1843
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 468
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 437