Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1861 0 пікір 15 Сәуір, 2011 сағат 07:37

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны 500 теңге қарыз үшін отбасыны ойрандады - ТВ

АСТАНА, 15 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғыны 500 теңге қарыз үшін бір отбасыны бауыздады, деп хабарлады КТК телеаранасы.

Телеарнаның ақпараты бойынша Шал ақын ауданы Ақанбарақ ауылында көршісінен  500 теңге қарыз сұрап келген адам үй иесін өлтіріп, оқиғаға куә болған оның 7 жасар   қызын бауыздап тастаған.

Бір түнде бір отбасын ойрандап кеткен қандықол қылмыскер ертеңінде-ақ   қолға түсті.

«Күдіктінің айтуынша, ол мас күйде үй иесінен қарыз сұрап келген. Бірақ оның “ақшам жоқ”  дегені қылмыскердің ашу-ызасын тудырса керек. Қаскөй алдымен үй иесінің басын темірмен ұрып жарған. Жарақат алған ер адам сол жерде тіл тартпай кетіпті. Айқай-шуды естіп сыртқа шыққан жеті жасар қызды бауыздай салған. Ал оның үш жасар  інісін де дәл осылайша өлтірмек болған екен», - деді репортаждың авторы.

Мойнынан жарақат алған сәби қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Ал бес айлық нәресте бесікте  ұйықтап жатқандықтан ғана аман қалған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552