Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1884 0 пікір 16 Сәуір, 2011 сағат 05:01

Алдағы үш тәулікте елдің бірқатар облысында өзендердің арналарынан тасуы мен су басу жағдайлары жалғасады

АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Алдағы үш тәулікте елдің бірқатар облысында өзендердің арналарынан тасуы мен су басу жағдайлары жалғасады.

«Қазгидрометтен» алынған хабарламаға сәйкес, Жайық өзенінде сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының жекелеген өзендерінде көктемгі тасқындардың толқындары мен су деңгейінің күрт көтерілуі жалғасады. Өзендер арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы ықтимал. Мұндай үрдіс сондай-ақ, Жайық, Шаған, Деркүл, Үлкен және Кіші Өзен, Қалқұтан өзендерінде де көрініс береді.

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су көлемі күрт көтеріліп, қауіпті деңгейге жетеді. Мұз қатпарларын босату кезінде кептелістер болып, өзеннің жағасынан асуы және су басу қаупі туындауы мүмкін.

Ертіс өзенінің Шүлбі су қоймасынан төменгі бөлігінде сондай-ақ, су деңгейінің көтерілуі байқалады, мұз қатпарлары босап, кептелістер болуы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аласа таулы аумақтарындағы сулы нысандарда еріген қар мен жаңбыр суының тасқындары күтілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534