Жексенбі, 24 Қараша 2024
3799 9 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 17:12

Назарбаев Өзбекстанның қазақ астығын Еуропа арқылы сатып алған уақытты еске салды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы жақсарып келе жатқанын айтты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы Назарбаев Astana Club жиналысында мәлімдеген.

"Өзбекстанда өте жақсы өзгерістер болып жатқанын айта аламын. Өкінішке орай, осыған дейінгі жылдары экономикадағы байланыс бар болғаны бес пайызды құрады. Біз уақытты текке жіберіп алдық. Қазақ астығын Өзбекстан Еуропа арқылы сатып алғанын елестетіп көріңізші? Осындай заман болған", - деді президент.

Бірақ соңғы екі жылда өзара сауда жыл сайын екі есеге өсіп отыр. "Шекара ашық, кеден кеңесітігі ортақ, экономикалар қарқынды байланысқа түсті. Мен Өзбекстан болашағына үмітім зор. Қазіргі президент Шавкат Мирзиеев дұрыс жолды таңдады", – деді Назарбаев.

Сауда байланыстарынан бөлек, Қазақстан мен Өзбекстанның ортақ мәселелері де бар. "Арал теңізі жоғалар бұрын онда бір триллион тонна су болған, балықтар көптеп ауланған. Бұрынғы Кеңес Одағының экономиканы қате жоспарлауынан тұтас теңіз жоғалып отыр. Енді оның қайырынан миллиондаған тонна тұз көтеріліп келеді. Олар Еуропаға, біздің асқар тауларымызға жетіп, мұздықтарды ерітеді. Бұл - біздің ортақ қасіретіміз", – деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

Оның айтуынша, мемлекет басшылары бұл мәселені талқылап, әлемдік қауымдастықтан экологиялық апатты болдырмау үшін көмек сұрағанын мәлімдеді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627