Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4517 5 пікір 16 Қараша, 2018 сағат 13:03

Неге?

-Панфилов паркіне, аға. 200 теңге.
-300.
-Содан басқа тиыным болмай тұр...
-Бүгін - жұма. Тегін ала кетер, өйткені мен де тура сонда барам,- дедім қарап отырмай. 
Гогольдің бойымен кетіп барамыз, Гоголь-Қалдаяқовқа баруым керек.
Өз ойыммен алысып отырмын. Межелі жерге жеткенде әлгі бала сылдыратып тиындарын берді де түсіп қалды. Шашы аппақ, өзі қылғынып галстук таққан дардай қазақ. Нарық заманы ғой, 200 теңгеге екі нан алады. Бірақ... Сол таксист Алматыда туып, балконда өспеген, мен сияқты, әйтеуір, бір ауылдан келді ғой.
11-12 жастағы кезім. Біздің жақта қыз ұзақ, Шығыстың қары алты ай жатып алады, саршұнақ аязы бетіңді шымшып, жаныңды әп-сәтте мұздатып жібереді. Шешем қайтқан жылдан соң үйдегі төрт бірдей сиыр бұзаулаған. "Сиырларға обал болады" дегенді жиі естимін, көрші Меконың шешесі қашанғы көмектессін, әлім келсін-келмесін саусағымның қатып қалғанына қарамай, төрт бірдей сиырды өзім сауатын болдым. Ауылдың адамдары бөтен деп қарай бермейді, туыстан бетер бірінің үйіне бірі кіріп-шыға беретін уақыт қой. "Пәленнің сиыры қысыр қалған, шайлық сүті жоқ, апарып бер",- деп әжем біресе - бидонға, біресе банкке құйып сауылған сүтті дайындап береді. Апарып бересің. "Биыл сиыр қысыр қалды, көрші, сүт берші",- деп келетін үйдің маңайындағыларға бересің кезек-кезек. Бір рет айтылды, болды, бересің! Бұл бір міндет-парыз сияқты, талқыланбайды. Сүтіңді апарған, әкеткен замат ұмтылатын.
Мейірім бар еді, қамқорлық бар еді. Көліктің терезесінен қысқы қаланың көрінісі менің есіме осыны түсірді. Желкесінен төніп отырған мына таксистің әжесі немесе шешесі де солай сиыры қысыр қалған көршісіне шайлық сүт бергеніне сенімдімін. Бұл соны көрмеді емес, көрді. Ал мынасы... "Қайырымдылығыңды қаланың бетон қабырғасы сорып, жылылығыңды нарықтың заңы жұлып кетсе де, қара жолдың бойында жүрсің, бүгін күн жұма еді ғой",- деп кеткім келді. Үндемедім. Сөз шығын өйткені.
Үлкеннен тарыдай мейірім көрмеген жастар айна мен көмір үшін ажалды қасына ертіп, өзгенің өмірін жалмай салады. Өйткені таудай қамқорлық көріп өскен үлкеннің кейпі - анау...
НЕГЕ БІЗ ОСЫ?

Айгүл Болатханқызының facebook парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5580