Экономикалық даму және сауда министрлігі екі аптаның ішінде әр сала бойынша экономикалық өсімнің мақсатты көрсеткіштерінің есебін даярлауы тиіс - Үкімет басшысы
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Экономикалық даму және сауда министрлігіне екі аптаның ішінде әр сала бойынша экономикалық өсімнің мақсатты көрсеткіштерінің есебін даярлауды тапсырды.
Мұндай тапсырманы бүгін К. Мәсімов Үкімет отырысында жүктеді.
«Біз тоқсан сайын бұл көрсеткіштердің жетістіктерін бақылайтын боламыз. Сондықтан екі аптаның ішінде Үкімет отырысында осы мәселелер бойынша аталған министрліктің басшысы Қайрат Келімбетов салалық әр министрліктер мен ведомстволар бойынша және өңірлік әр облыстар бойынша баяндайтын болады»,-деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 5 жылда табысы жоғары топтағы елдердің құрамына кіру мақсатын қойған болатын. Ол үшін жыл сайынғы экономикалық өсім 7 пайыз деңгейінен кем болмауы тиіс.