Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2125 0 пікір 19 Сәуір, 2011 сағат 02:39

Су басқан жерлерде 68 комиссия жұмыс жасауда - БҚО

ОРАЛ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Су басқан ауылдар мен облыс орталығында әкімдердің шешімімен депутаттар, ардагерлер, төтенше жағдайлар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандарынан құрылған 68 комиссия жұмыс жасауда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, алдын ала мәлімет бойынша тек жаңа үйлер құрылысы үшін 10 млрд. 735 млн. теңге керек. Зеленов ауданында жаңа үйлер салу үшін жер телімдері бөлініп, мердігерлік және жобалау ұйымдары анықталды. Тасқала ауданы мен Орал қаласында да осындай жұмыстар жүргізілуде.

Комиссиялар жұмысы нәтижесінде материалдық шығын көлемі ұлғайып отыр. 1500-ден астам тұрғын үй, 7146 саяжай құрылысы, 7 денсаулық сақтау, 4 мәдениет нысаны, 21 мектеп, 10 балабақша мен мектепке дейінгі мекеме суға кеткен. Республикалық маңызы бар жолдың 8, жергілікті жолдың 48 бөлігін су шайып кеткен.

Су тасқыны басталғаннан бері 8787 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, 1005 адам эвакуациялық қосындарға орналастырылды. Кішкентай сәбиі бар әйелдер қонақүйлерден орын тапты.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, тасқын зардаптарын жоюға бүкіл Қазақстанның мемлекеттік және жеке ұйымдары, ұлттық компаниялары, барша тұрғындар атсалысуда. Үкімет қаулысына сәйкес бұдан бұрын 870 млн. теңге бөлінгені белгілі. Сондай-ақ Үкімет қаулысына сәйкес басқа өңірлер, ұлттық компаниялар көмектесетін болды. Айталық, әр өңір 100 млн. теңгеден аудармақ. Арнайы есепшотқа осыған дейін заңды және жеке тұлғалардан 9,6 млн. теңге түскен.

«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында, Зеленов, Тасқала аудандық бөлімшелерінде табиғи апаттан зардап шеккендерді қабылдау ұйымдастырылды. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бірінші кезектегі заттар мен жылы киім жинайтын облыстық штаб жұмыс жасауда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490