«Әсем киім - әйел көркі» байқауы
Соңғы жылдарда мұсылман қыз-келіншектердің шариғат талабына сай киінуі елімізде көп талқыланатын өзекті тақырыпқа айналды. Негізінде, қасиетті Құранның «Нұр» сүресінде шариғатқа сай киінудің парыздығы мен талаптары анық айтылған. Ата-бабаларымыз мәдениетіміз бен ғұрпымызға, ұлттық салт-санамызға сай сан түрлі әсем, әрі келісті ұлттық төл киім үлгілерін (сәукеле, орамал, кимешек, т.б.) жасап шығару арқылы сол талаптарды толық орындап келген. Алайда, заман мен талғамның өзгеруіне байланысты қазір бұл санаттағы киімдер тек сахнада ғана киіледі. Ал, шариғат бойынша киінгісі келген қыз-келіншектер шетелде тігілген киімдерді алып киюге мәжбүр.
Міне, осы олқылықты толтыру үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сән шеберлері арасында мұсылман қыз-келіншектерге арналған шариғат талабына сай, қазақы нақыштармен әрленген, заманға сай тігілген киім үлгілерін жасап шығарудан республикалық «Әсем киім - әйел көркі» байқауын жариялап отыр.
Киім үлгілеріне төмендегідей талаптар қойылады:
1.Шариғат талаптары (қыз баланың жүзі, екі қолы, тобықтың төменгі жағынан басқа барлық жерлерін жабуы, дене бітімін қатты кескіндеп тұратындай тар және денесі көрінетіндей жұқа болмауы керек);
2.Киім үлгілерінде қазақ халқының ұлттық нақыштары көрініс табуы керек;
3.Бүгінгі заман эстетикасы мен талғамына сай болуы қажет;

4.Киім үлгісі көрікті және қоғамдық орындарда күнделікті киіп жүруге жеңіл, әрі ыңғайлы болуға тиіс (тек сахнаға арналған киім үлгісі қабылданбайды).
Тігілген киім жобасының jpg форматындағы түрлі-түсті суреті 2011 жылғы 01 қыркүйекке дейін bayge2011@mail.ru электронды поштасына жіберілуі қажет. Киім шеберінің толық аты-жөні, мекен-жайы, нақты телефондары мен хабарласу мүмкіндіктері де қоса көрсетілуі тиіс.
Сараптау барысында БАС КИІМ, ЖҰМЫС (ДЕЛОВОЙ) КИІМІ және КҮНДЕЛІКТІ КИІМ үлгілері басты назарға алынады.
Жеңімпаздар арнайы ұйымдастырылатын салтанатты кеште марапатталады.
БАЙҚАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ:
1.Бас бәйге - «ЕҢ ҮЗДІК БАС КИІМ» - 750 000 теңге.
2.І орын - 500 000 теңге.
3.ІІ орын - 400 000 теңге.
4.ІІІ орын - 300 000 теңгеден (2 адамға).
5.Ынталандыру сыйлықтары (5 адамға) - 150 000 теңгеден.
Бас демеушіміз: «Мейірімділік жолы - 2010» қоғамдық қоры
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы
http://old.abai.kz/sites/default/files/baykau.swf