Сенбі, 23 Қараша 2024
3236 0 пікір 22 Қараша, 2018 сағат 12:59

"Ата Мекен" партиясы қырғыз президентінен Текебаев ісін қайта қарауды сұрайды

"Ата Мекен" партиясы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке лидері Омурбек Текебаев ісін қайта қарауды сұрап, ашық хат жазды.

Партия мүшелерінің пікірінше, сот процесі кезінде басты куәгер Леонид Маевский сөзден қайта-қайта жаңылып, мәліметтерді шатастыра берген.

"Ата Мекен" Маевскийдің Мәскеуде 16 қарашада "бопсалау" ісі бойынша ұсталғанына назар аударады. Тергеу ісі мәліметі бойынша, Маевский жәбірленушіден 37,5 млн доллар талап еткен. Егер бас тартқан жағдайда, жаман атқа қалдыратын әрекеттерін жария етемін деген. "Ата Мекен" партиясы өкілдері дәл осы схеманы Маевский Текебаевқа қарсы қолданды деп есептейді.

"Біз сізден сот ісіне араласуыңызды сұрамаймыз. Бірақ алаяқ Леонид Маевский Текебаев ісінде жалғыз қарсы куәгер болды. Қазіргі жағдайға байланысты оның ісі қайта қаралуы тиіс", - делінген ашық хатта.

2017 жылдың ақпан айында Қырғызстан "Ата Мекен" партиясының лидері, парламент депутаты Омурбек Текебаев пен Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елші Дуйшенкул Чотонов қамауға алынған.

Олардың ұсталуына себеп болған, Ресей азаматтары Алексей Модин мен Леонид Маевский "Мегаком" компаниясының акциясын сатып алуға көмектесу үшін, Омурбек Текебаевқа 1 млн доллар пара бердік деген. Қырғыз саясаткерінің өзі бұл істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467