Түркістан облысында тұрғын үй құрылысының дамуы жақсы
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі мемлекет тарапынан қашанда өз азаматтарының мұң-мұқтажы мен әлеуметтік жағынан қорғалуына үздіксіз көңіл бөлетіндігін көрсетті. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» негізінде аймақтарда атқарылатын істің жөн-жобасы түзіліп, тиісті жоспар жасалған-ды.
Президенттің бес әлеуметтік бастамасын ұсынамының алғашқысы "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" екені бәрімізге белгілі.
Аталған бастама аясында Түркістан облысының тұрғын үй құрылысын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарып жатыр. Атап айтқанда, 2018 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 30478,3 млн. теңге салынды, бұл 2017 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 166,4% құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттың үлесі 14,4% құрады. 2018 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзінің үлес салмағы 78,6% құрайтын жеке меншікті қаражат болды. 2018 жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 350,1 мың шаршы метрді, оның ішінде жеке құрылысшылар салған 312,9 мың шаршы метрді құрады. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2017 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 121,1% құрады. 2018 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 1 шаршы метр құрылысына орташа нақты шығындары 73,5 мың теңгені және халық салған тұрғын үйдің шаршы метрі 69,5 мың теңгені құрады.
Аbai.kz